ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ
08.02.2019
1856
0

(Әртүрлі жағдайлардағысы)

Қазір Диваев қалдырған мол мұраны әр тұсынан зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр. Эпостар мен ертегілер болсын қай жанрға байланысты сөз етсек те Диваев еңбектеріне соқпай кету мүмкін емес. Көп қырлы, көп сырлы фольклористтің ашылмаған, зерттелмеген еңбектері әлі де жетерлік. Осы деректерді келтірерде ғалым Флора Кәсенқызы Оразаеваның «Әбубәкір Диваев – фольклорист» атты кітабына біршама сүйгенгенімізді айта кетуге тиістіміз. Назарларыңызға Диваев жинаған, пікір айтқан, бірақ көпшілікке түгел тарала қоймаған материалдарды ұсынамыз.

1. Бір адамның құлағы шуылдаса, сол адам ойлайды, дереу айтады: Лә иллаһи ил Аллаһ сүбханалла, – деп Тәңіріге жалбарынады. Әлгі адам маған өлімнің хабары ма екен деп ойлайды, уә өлімнен хабарым бар дейді және де үйме қонақ келер ме екен дер.
2. Ит пысқырса жаман көреді, мұр­ныңа иіс, мұрныңа иіс, дейді. Неге де­сеңіз, сол күні сол үйдің бір малы өлсе, керек мал өлгенде иттер қанға тояды, со­ны біліп пысқырып жатыр деп ойлай­ды. Ит пысқырғанын жаман көргені сол-дүр.
3. Түнде үйдің үстіне байғыз деген құс қонып, шықылдап тұрғанда дереу үйден бір көсеуді шала жандырып қуалайды. «Жамандығың өзіңе болсын, кет-кет» деп ұшырып жібереді.
4. Күндіз қарға үйге қарап «қақ-қақ» десе, аса көп жаман көрмейді. «Хақ сөйле», – дейді. «Әлгінің ақыры қуаныш болып бітер», – деп жориды.
5. Ит келіп бұтын көтеріп, үйге сисе, «құт құйды-құт құйды» дер, оны жаман демейді.
6. Ит аспанға қарап ұлыса, жаман көреді. «Бәле көрсең өз басыңа болсын», – дейді.
7. Ит халқын уафадар дер. Неге де­сеңіз, күндіз-түнде дұшпандарды біліп тұрады дер.
8. Аспанда күн күркірегенде «сүбіха­нал­ла» деп тәңірге жабарынады. Ал са­сып қалса, бірдемені қағып, ауаз қылады.
9. Үй ішінде қазан асса, есікке қисай­тып аспайды. Есікке қисық болса, несібе төгіліп кетеді дер.
10. Үйге даладан жылан кірсе, өлтір­мейді, үстіне сүт, айран құйып шығарады. Далада жылан көрсе, өлтіреді, үйдегі жы­ланды көрсе, жақсы көреді. Неге десеңіз, «қайсы уақытта періште деген болар, жыланға ұсап жүреді», – дейді…

(Толық нұсқасын газеттің №5 (3639) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір