«Мен аңсаймын, сен-дағы аңса, жаным…»

0
107 қаралды

«Ақ ұлпа жерді жапқанда,
Ағаштар сырға таққанда,
Бозарып атқан ақ таңда,
Бозарып тұрып ақпанда», Сізді есіме алдым, аға…
…Шамамен 1987-88 жылдар. Он екі-он үш жастағы кезім. Сол жылы анам әкемнің туған күніне өзім атына біршама қанық, екі-үш өлеңін жатқа да білетін Мұқағали Мақатаевтың екі томнан тұратын өлеңдер жинағын сыйға тартты. Дүние емес, кітап жиған әкемнің бай кітапханасы, осылайша, поэзия мұзбалағының қастерлі мұрасымен толыққан еді. Өлеңдері арқылы таныс әрі бейтаныс ақынның «кейде күлімдеген, кейде түңілген жанының» дауысын, жүрегінің соғысын естуге деген саналы талпыныс та сол бір сары тысты қос томдықтан басталған…

…Мұқағали поэзиясы сені өз-өзіңмен сырластырады. Мүлгіп жатқан асыл сезім­деріңді оятады. Осы өлеңді алғаш өз-өзіме жеткізе оқығанымда: «Ақын тілегімен үндес тілекті мен де Жаратушыма жолдай алам ба?» – деп жүрегіме үңілгенмін. Қалжырап шаршағанша үнсіз ойланғанмын. Әлі де таусыла толғанамын. Қарақан басының амандығын жер бетінің амандығынан жоға­ры қоятын пенденің тар құрсаулы тілегі тау тұлғаның бүкіл ғаламға сәуле түсіретін ақ тілеуімен үндесе алмайды екен. Мен үшін Мұқағалиша ойлаудың өзі қорқынышты. Иә, биіктік пен тереңдік кез келгенге бұйырмаған… Сосын, қайда жүр­сем де, сәл де болса жүрек сырын аңдау үшін таныстар мен бейтаныстардың жүзіне үңілемін кеп: Адам іздеп… Әсіресе, ақын­ның өзі елжірей сүйген қазағының ішін жамандық жайлап бара жатқанын көріп, жаным шырқы­рағанда, «ашусыз, ала көзсіз бауырларға, алқам-салқам қауымдарға» деген аңсар сезімім күшейе түседі…

Мәдина СЕРІКҚЫЗЫ


(Толық нұсқасын газеттің №5 (3639) санынан оқи аласыздар)

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.