Құлаққағар
01.02.2019
1138
0

Берік Садыр

Пықып зейнеткерлікке шыққан алғашқы айында кемпірін облыс орталығында тұратын қызына жіберді де, өзі көзді жұмып, Астанадағы ұлына тартып кеп кетті.
Түкпірдегі тау арасындағы елді мекеннен аттап шықпағанына да он жылдың жүзі болыпты.
Өзгерген заман, құлпырған қала…
Несін айтасың, Пықекең қалаға табан тірегеннен таң-тамаша. «Көзі жұмылып, ауызы ашылып келе жатып, аялдамадағы бір өрімдей қыздың «өзімен-өзі» сөйлесіп тұрғанын көріп… бишара, уыздай жас, қайтсін, жападан-жалғыз өзімен-өзі күбірлесіп, сөйлесіп тұрғанына жаны ашыды… Әй, заман-ай, қарашы бұғанасы енді-енді бекіген бүлдіршінді «өзімен-өзін» сөйлестіріп қойғанын. Пәлекет бастан кеткен, пәлекет-ау… Бажайлап қарап еді, ара-арасында ыржалаңдап күліп те қояды.
Көпшілік көлікте келе жатып, алдындағы ересектеу пенденің өзінен-өзі біреуге тиісіп, балағаттап, қол сермей сөйлегенін көріп, көзі шарасынан шықты деуге болады…
Ұлының үйіне жеткенше әлгілердің тағы да екі-үшеуін көріп… «қалаң «кетіп» қалған екен» деген тұжырымға келді.
Қуырдақтың көкесіне ұлының үйінде тап келіп…
Келіні ас үйде өзімен-өзі өзеуреп… бұларға тамақ тасып жүріп те өзінен-өзі сөйлеп…
Әйтеуір, ол «аурудан» ұлы аман екен. Есеңгіреп отырып:

(Толық нұсқасын газеттің №5 (3639) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір