БЕКЗАТТЫҚТЫҢ БЕЙНЕСІ
01.02.2019
830
0

Ең жақын достарымның бірі – Рәтбек Сәдуақасұлы Терлікбаев деген ақын да ал­пысқа келіпті. Келгенде де жай кел­меп­ті, өзінен аттай он ай бұрын алпыс жасқа толып алып, ағалық танытып отырған мына менің өкшемді қаната-маната ентелеп жетіпті. Уақыт – деген осы!
Ақын досымның «Жалғыз бала. Жал­ғыз үй» деген өлеңі есіме түсіп отыр.
Тасқұдықта.
Жалғыз үйде жалғыз ұл.
Күншығыстан таң ататын алқызыл.
«1955» деп балшықтан
таңба салған –
шыр айналып тамды бір,
ойнаушы еді,
бойлаушы еді қиялға,
от кеудеде атой салып сан дүбір, –
деп басталатын осы өлеңде бейнеленген бес-алты жастағы қап-қара көзі мөлдіре­ген, күнқақты, тақыр бас қара баланы осы қазір көріп отырғандаймын.
Кейіннен сұрап білсем, Тасқұдық деген Алматы облысындағы Жамбыл ау­данының егін салатын бір өңірінің аты ек­ен. Бұл жерде ертеде қазылған бір тас құдық пен бидай қоятын қамбаны күзе­тетін қарауыл тұратын жалғыз үй болса керек.
Рәтбектің әкесі Садуақас өмірбақи мұ­ғалім болып, кейіннен бір дертке ұшы­рап, аяғынан айрылған жарымжан адам болғандықтан, «мал-жан өсіріп, күн көр­сек» деген оймен Рәтбектің туған жері Ақ­қайнардан осы жерге көшіп келіп, бір­не­ше жыл егіндік пен қамбаға күзетшілік етіпті. Рәштің жырлап отырғаны – сол бір шақ – алпысыншы жылдардың бас кезі…

Әбубәкір Қайран


(Толық нұсқасын газеттің №5 (3639) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір