БОЛЛИВУД ФИЛЬМІНЕ ТҮСІП ҚАЙТТЫМ
01.02.2019
1319
0

Олжас ТОҒЫМБЕТ:

Олжас Тоғымбет… Соңғы бес-алты жыл көлемінде өз еліміздегі телехикаялар мен фильмдерде, бейнебаяндарда жиі көрініп жүрген жас актер. Экрандағы және үлкен-кіші арасында қолданысқа ие қызылды-жасылды инстаграм әлеміндегі бейнесінен өз-өзіне деген сенімділік аңғарылады. Паң, сырбаз. Ал, шынайы өмірдегі Олжас өте кішіпейіл екен. Шетелде білім үйреніп, тіл меңгерген ақылды жас өзі дүниеге келген оңтүстік өңірінің қазақилығын жоғалтпауымен де сүйсінтті. Түр-тұлғасы, сыр-сымбаты келіскен, заман көшіне қарай бойын да, ойын да түзеген дарынды жігіт өнерге неліктен кеш келді? Марқұм әкесін есіне алса, не үшін өз-өзіне ренжиді? Осы және өзге де сұрақтардың жауабы –кейіпкерімнің жүрекжарды әңгімесінде…

– Кинодағы алғашқы рөліңіз туралы айтып берсеңіз.
– 2007 жылы «Асыл арна» телеарнасы «Шын бақыт» дейтін көр­­кем фильм түсіріп, сонда бас­ты рөлде ойнағанмын. Бірақ, әлі жа­рыққа шыққан жоқ. Жалпы, Санданың («Х-фактор», «Қазақ­с­тан дауысы» жобаларынан кейін қазақ эстрадасына қадам басқан жас әнші – автор) «Асқақ арманым» әніне түсірілген бейнекли­пі­нен кейін фильмдер мен телехи­кая­ларға шақырту ала бастадым. Алғашында эпизодтық рөлдер ға­на болды. Екінші кезектегі рөл­дер де көп күттірген жоқ («Айжан», «Бір шегіністің тарихы» телехикаялары, т.б.).
Досым Санжар Мәдидің көме­гі­мен қайбір жылы Мәскеуден киноагенттер тауып, келісім-шарт жасасқанбыз. Жақында сол агент­тік арқылы өнердегі ұстазым әрі ағам, белгілі актер Оңдасын Бекбосынов екеуміз Болливудқа барып, «Аңшы» дейтін фильмге түсіп қайттық. Әлі жарыққа шықпаған­дықтан, көпшілікке жаңалығымды жеткізе де қойған жоқпын. Онда біз әкелі-балалы ауған жауынгер­лерінің рөлінде ойнадық. Киноға танымал үнді актері, корольдік әулет ұрпағы, ханзада Саиф Али Кханмен бірге түстік.

….

Сұхбаттасқан
Мәдина СЕРІКҚЫЗЫ


(Сұхбаттың толық нұсқасын газеттің №5 (3639) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір