ҚАЗАҚ ТЕАТРЛАРЫ ҚАЙДА БАРА ЖАТЫР?..
18.01.2019
1430
0

Аманкелді МҰҚАН,
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, театртанушы


Редакциядан: М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, театртанушы Аманкелді Мұқан мырза «Қазақ әдебиетінің» бүгінгі жарияланымынан бастап тұрақты айдар аясында мақала жазып тұрмақ. Авторымыздың негізгі мамандығы театртанушы болғандықтан алдағы нөмірлерде қазақ театр өнерінің жай-жапсары мен болашағы туралы, жекелеген қойылымдар туралы жазатын шығар деп отырмыз. Дегендей-ақ, ол қазақ театрлары бүгінгі «елдің барлық ойын-жиыны мен қызық сауығына» айналып бара жатқаны туралы дабыл қағады.

…Шынайы театр өнеріне деген қызығушылық пен талаптың деңгейі төмендеді. Ес­кі­лікті жаңаша, дәстүр жалғастығын сақ­тай отырып оқуға деген талпы­ныс өз деңгейінен түсті. Бүгінгі сах­на мен экранның қызылды-жасылды «жарқ-жұрқ» еткенді керемет өнер деп білген тобырлық мәдениет өкілдерінің клиптік санасы қанат жайған заманда шынайы сахналық өнер – театр­дың халық өмірінен алар орны ерекше. М.Әуезов жоғарыда біз үзінділер келтірген мақала­сында театрдың ел өміріндегі орнына тоқталып: «Сымбатты өнер бол­ма­ған елде мағыналы тіршілік жоқ… Өнерден қуат алмаса, тіршіліктің шырағы өшеді», – деп жазған екен.

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір