Х.Х.ПАДРОН ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫ ХАҚЫНДА
18.01.2019
890
0

Жалғасы. Басы өткен сандарда

…Серік Томанов (1956-2003 ж.ж). Ол қысқа өлеңдерде нәзік парадоксты іздеді. Оның стилі жиынтық, сипаты ебедейлі, дикциясы айқын. Ақын жаңа объективті романтизм нақышын­да әсемдікті және адам мен таби­ғат арасындағы, сөз бен шын­дық­тың арасындағы байланысты жырлайтын эмоциялық тереңдік­ті көрсеткісі келді. Оның этика­лық тәсілдемесі таң қалдырады. Айрықша (магический) реализм­ге (шыншылдыққа) жақын дұрыс психологиялық желілер, нәзіктік пен сырлылыққа толы сезімдер әле­мі, терең руханият және ақын­ның Құдайға деген сенімі оған шабыт берген. Оның жұба­нышы – қашан да бізді ғаламат әлеммен татуластыратын, ойлан­дыратын, дем беретін дүниелер. С.Томанов жан дүниесінен бай­қа­ғаным ол әсем ақын және жақ­сы адам болған. Ол өзінің ақын­дық борышын артығымен өтеген азамат.
Есенғали Раушанов (1957 ж). Оның «Түн» атты өлеңі орасан зор лирикалық биязылығымен, табиғатпен үйлесімділікте өмір сүретін адамның арпалысқан жан толғанысымен таң қалдырады. Өлеңнің нобайы қысқа, шумақ­та­ры да қысқа бірақ қаныққан (қар­қынды), ал соңғы жағы көңіл­­­ді босатады. Оның өлеңдері жа­быңқы жанның, ойлы адам­ның толқынысының көрінісі сияқ­ты. Бір сөзбен айтқанда Есен­­ғали Раушанов – дарынды ақын…

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір