КВАРТЕТ
18.01.2019
689
0

ЖАНБОЛАТ АУПБАЕВ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

ЖАНКҮЙЕР

Тәуелсіздік таңымен бірге өмірге келіп, тіршілігімізге берік енген игі істер, жаңа үрдістер баршылық. Соның бірі әрі бірегейі – Президентіміздің Бейбітшілік пен рухани татулық жөніндегі сыйлығы дер едік. Ол Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұйғарымымен 1992 жылғы 3 қыркүйекте белгіленген болатын. Жыл бойы сарапқа салынып, рухани келісім күні – 18 қазанда табыс етілетін бұл сыйлықты берудегі басты мақсат – таяу шетелдер мен туған еліміздің мемлекеттік құры­лымда­рын­дағы, шығармашылық одақтарындағы, сондай-ақ ұлттық-мәдени орталықтар мен түрлі қоғамдық қозғалыстардағы республика халқының тыныштығын, бірлігін сақтауға, ұлттар достығын нығайтуға ерекше үлес қосқан азаматтардың еңбегін бағалау. Сөйтіп сол арқылы оларға құрмет, қолдау көрсетіп отыру.

– Сіздің өз бауырыңыз – қазақ қаламгерлерімен қарым-қатынас орнатып, араласқаныңызға қанша уақыт болды?
– Артық-кемі жоқ 40 жыл.
– Осы мерзім ішінде қанша әріп­тесіңіздің шығармасын ау­дардыңыз?
– 32 қазақ жазушы-драматур­гы­ның туындысын өзбек тіліне тәржімаладым. Соңғы бітірген шаруам – «Күміс керуен» жинағы. Онда Мұхтар аға Әуезовтен бастап Сайын Мұратбековке дейінгі 15 қаламгердің ең таңдаулы повестері мен әңгімелері топтастырылған. Қуаныштысы сол, өзбек оқыр­ман­дары бұл кітапты өте жақсы қа­был­дады. Енді қазір мен көлемі 12 баспатабақ «Қазақ ертегілерін» тәржімалау үстіндемін…

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір