Хусто Хорхе қазақ ақындары хақында
28.12.2018
2040
4

Жалғасы. Басы өткен санда

Тағы бір дарынды ақын­дар­дың бірі Мұқағали Мақатаев болған (1931-1976). Оның жырлары оқырманға кеңінен танымал болған.
Ол тәуекелге бел буып, Данте Алигьеридің «Құдіретті ко­ме­­диясының» «Тамұқ» деген бөлімін қазақ тіліне аударған. Оның аудармасының дұрысты­ғы мен Дантенің дүние тануына (ой) адалдығы үшін Белинский былай деген: «Өлеңдердің жақ­сы не жаман екендігін білу үшін, оларды прозалық фор­ма­ға ауыстыру жеткілікті, сонда олар­дың құндылығы бірден бел­гілі болады». Символистер болса керісінше, қарама-қайшы пікірде. Олардың ойынша, өлең­дердің семантикалық (ма­ғы­налық) бөлігі – бұл оқыр­ма­н­ның пайдасына қарай шегі­ну, себебі онсыз болмайды. Де­генмен, өлең дегеніміз ыр­ғақ­­ты бей­нелер болуы тиіс. Бірін­ші­лер мен екіншілердің де осал же­рі – екеуі де ырғақ пен син­та­ксистің кешенін екі элементтен тұратын бірдеңе деп қарас­тырады және де олардың біреуі екіншісіне бағынады деп санайды. Шын мәнінде, атал­ған екі элемент бір-бірінен бөлек бола алмайды, екеуі бірге қол­да­нылады. Сөйтіп ол ауызша сөйлеу тілінен де, дыбыс­тар­дың ұлтаралық мұралануынан да өзгеше ерекше ырғақты және мағыналық құрылым құрады. Өлеңді лингвистикалық кешен ретінде қарастырған жөн, бірақ ол ауызша сөйлеу тілінің заң­дарына сәйкес келмейтін ерекше заңдарға сүйенеді.
М.Мақатаевтың шығарма­шы­лы­ғын көрсететін «Қайран жеңгем» атты өлеңінде уақы­ты­нан бұрын қартайған туысқа­нын асқан шеберлікпен, кекете отырып сипаттайды. Байсалды үнмен және мысқылды болып көрінетін сарынмен ол жеңге­сін­дегі өзгерістерді психоло­гия­лық белгілер арқылы, көп­те­ген бейнелер мен сөздердің көмегімен сипаттайды. Мұнда уақыттың өтуі сырына байланысты өкінішті сезіледі. Бұл шынайы өмірмен қатар сүріліп жатқан өмір сияқты, бірақ бізді одан шығарып жіберген. Ақын­ның тілді жеңілдетуге ұмтыла­тыны сезіледі, сонымен қатар айналадағы дүниеге ерекше көңіл аударады. Ол ком­по­зицияның тұтастығына ерекше мән берген, сюрреалистік көңіл күйдің ерекше белгілерін және еске алу көріністерін іздейді, кереғарлықты қолданады, таң­даған кейіпкерін келеке етіп көр­сетеді.
Сағи Жиенбаевтың (1934-1994) шығармашылығы екіге бөлінеді – ол өзінің ақындық өнерін лирика жағына да, дас­тандар жағына да бағыттаған. Шығармаларымен ғажайып пантеизмге кіру қасиеті бар. Ол жермен, желмен, ағаштармен, шөппен, иіспен тығыз байланыста. Оның әлемінде Нан атты Құдай патшалық етеді. Ол қанының орнына бұлақ суы мен қайың шайыры бар тірі жан сияқты қарайды және сезінеді. Оның поэзиясының нышандары жабайы, бірақ таза түйсіктен (инстинкт) туындайды. Ол әсем­дік­тің жалғыздығын, күн­дердің мұңдылығын, өзгелерді еске алудың ләззатын, әлеммен тығыз ынтымақтас­тықты бей­не­лейді. Оның декорациялары – армандаған айқындық, су мен жарық бейнелері. Қазіргі мен бұрынғының арасындағы тепе-теңдікті іздейді, ақын қуаныш­ты сақтап қалуды тілейтін сияқ­ты.
Оның поэтикалық шығар­ма­сының дамуы өте қызықты. Жиенбаевтың кітаптарының арасында анық стильдік ал­шақ­тық бар, бірақ ол сезілмейді, өзгеріс автордың тілінде бай­қа­ла­ды. Оның бірінші кітапта­рын­дағы күнделікті және көпір­ме тіл бірте-бірте басқа, тұйығырақ, ауызша сөйлеу тілімен алмастырылады. Онда көркем түйіндеудің жеңілдігі ерекше көрсетіледі, нәзік сезім­­­талдық пен эстетикалық сезім­нен бас тартпайды, терең аңсау сезімін де ешқашан ұмыт­пайды.
Жұмекен Нәжімеденов (1935-1983). Поэзия – бұл саяхат, жасырын сырдың пердесі. Жұмекен Нәжімеденов оны бі­леді, ол поэтикалық мәнер­лілікті жаңаша, тың әдіспен және тамаша қолдана біледі. Оның тілі күтпеген майда-шүй­делерді, абстрактылы сөз бен күнделікті өмірді салыс­тырулардың арасындағы байланыстарды дәл байқап қалу қабілетіне ие, біз оны ақынның «Атақ деген немене…» атты өлеңінен көреміз. Мұнда ақын­ның саралығы мен шынайылы­ғынан оның қарапайым­ды­лы­ғын көрсететін контраст бай­қалады. Оның моральдық қасиеті, жауапкершілігі оны басқаларға әділ етеді. Нәтиже­сінде жауапкершілікке негіз­делген бостандық, көңілінің сер­гек­тенуі оған ар-намыс бе­ре­ді, ол оның поэзиясын тіріл­те түседі.
Тұманбай Молдағалиевтің (1935-2011) поэзиясы – долы өзен сияқты. Адамның қайғы-қасіретті өмірінде бар ынтасын салатыны сезіледі. Ол үшін поэ­зия ешқашан шынайы өмір­ден қашу болған емес, керісін­ше, өмірге қатты берілгендік, қар­қын­ды өзгеріс, мазасыз және ауруға бейім сананың дамуы. Шығарманың маңызы мен оның өмірлік тәжірибесі бірге қосылады. Жалпы алған­да, оның өлеңдері – ол өмір сүр­ген, азаптанған, армандаған әлемді тынбай бақылау. Ол өзі­нің жеке тәжірибесіне, ақын­­дық көз­қарас­қа емес, сол тәжірибенің шынайылығына сүйенеді.
Мүмкін бұл әр адамның жүре­гінің түбінде бар жалғыз­дық шығар, өмірдегі сәтсіздікке байланысты шарасыз шағым, мұң, экзистенциализмнің жазбасы, өмірге деген құштарлық­ты мағынасыздық пен абақты ретінде сезу салдары. Сол се­беп­ті оның поэтикалық көруі кейде жақсылыққа жеткіз­бейтін тіршілікке байланысты күйінішті және терең келекені білдіреді, ол одан қашқысы келеді. Тұманбай Молдағалиев Абай өлеңдерінің идеология­лық және көркем мазмұнымен қатты сүйсініп, оның қазақ ті­лі­нің даралығы үшін маңыз­ды­лығын таратумен айналыс­қан.
Қадыр Мырза-Әлі (1935-2011). Оның әдеби стиліне оңай­лық пен әңгімелеу сара­лығы тән. Оның өлеңдерінде объективті шынайылық пен өзіндік лингвистикалық құры­лым біріккен. Ол жарықты табуға ұмтылады. Кейде оның өлеңдері ешқандай жаңалығы жоқ, элементтері онша поэзия­лық емес, үйреншікті болып көрінеді. Ол тым жеңіл ұста­ным­ға ұрынбау үшін, бекзат ойлар мен жақсы поэзияны шатыстырып алмау үшін күре­седі, бірақ бұл оның қолынан әрдайым келе бермейді. Оның өлеңдерінде романтикалық сипаттамалар бар: қаратпа сөз, жұмбақ, екіұштылық, әсем­дікті және жеке бас сұрақтарына жауап іздеу жолындағы белгілі бір қиындықтар, айқын шын­дықты мойындау, сондай-ақ, негізгі тармақ ретінде сенти­мен­тальдыққа қошемет. Мүм­кін бұл стиль қазіргі заманғы поэ­зияға ең сәйкес келетін стильдерге жатпайтын болар, дегенмен ол елуінші жыл­дар­дың кей­бір қазақ ақындарының таң­­даған жолын көрсетеді.
Олжас Сүлейменов (18.05.1936 ж.т.). «Жасыл шөл: Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы» – бұл оның өлеңдерінің ағылшын тіліне тұңғыш толық аудармасы. Аталмыш кітап ақынның бай әдеби мұрасын көрсетеді және Қазақстан мен Еуразияның қазіргі заманғы әдебиетіне кі­ріс­пе ретінде пайдаланылады. Бірде орыстың Андрей Вознесенский атты ақыны Сүлей­меновті «рөлде Азия» деп дәл тауып айтқан. Ол – Қазақстан мен Орта Азияның соңғы елу жыл ішіндегі ең ықпалды зияткерлерінің, ақын-жазу­шыларының бірі. 1991 жылдан бастап Сүлейменов қазақ­с­тандықтарды жаһанданудың, ұстамды «азаматтық ұлтшыл­дық­тың», либералдық-демо­к­ратиялық құндылық­тарын қа­былдауға шақырған. Батыс­пен де, Шығыспен де жақсы қарым-қатынастар құруда те­ңес­тірілген тәсілдеме қол­дануды ұсынған.
Батыс елдері оқырмандары үшін «Жасыл шөл» – қазақ дала­сының беймәлім поэзия әле­мімен танысу сияқты. Кі­тап­тың әрленуі Ресей мен Ор­талық Азия әдебиеті мен рухани тарихын оқитын сту­­дент­терге ар­нал­ған қосым­ша материалға ұқсайды.
Осы антологияға Олжас Сү­лейменовтің ерекше әсерлен­діре­тін және әдемі, жүректерге жететін өлеңі енді. Оның аты – «Қасқырдың бөлтіріктері». Бұл өлеңде қысқы табиғат бұр­ма­лау­сыз сипатталады, онда өлім­ші етіп жараланған ұрғашы қасқыр өзінің бөлтіріктерін ем­шек­пен емізеді, бөлтіріктер ана­сына төнген қауіп-қатерді сезбейді. Өлімді алдын-ала се­зіну, аңшының ықтимал мейі­рі­м­сіз, парықсыз қылығы, жан түршігерлік оқиға әсерін береді, ана мейірімділігі, қор­ғансыз бөлтіріктердің тағдыры не болары белгісіз, мүмкін олар болашақта кек алатын шығар. Менің ойымша, бұл дала поэ­зиясының жауһары. Бір ғана композицияда бейнеленген және тура тілмен айтылған. Ол өмір мен өлім жұмбағын еске салады.

ПІКІРЛЕР4
Аноним 18.11.2019 | 19:41

Қайдан білгенсің

Аноним 18.11.2019 | 19:43

Мен Қопанов Қайта бер дегенде қайтпай тұрып алсам мынау қызық қыз екен ғой сыртта тұра берейін бе дедім.

Аноним 18.11.2019 | 19:44

Мен жіберілмейма десем
Кешіріңіз

Аноним 18.11.2019 | 19:45

Өте керемет

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір