Тәуелсіздікке – 27 жыл
21.12.2018
1300
0

Тәуелсіздіктің 27 жылында еліміз көптеген жетістіктерге жетті. Әнұран, елтаңба мен көк байрақ сынды символдар елдігімізді бүкіл әлемге паш етуде. Осы ұлық күнге орай ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының жеке құрамы бас қосты.

Академия бастығының бірінші орынбасары, полковник Қанат Даишев, Академия бастығының орынбасары — кадрлық жинақтау басқармасының бастығы, пол­ковник Жанат Сейтовтер тәуелсіз­дік­тің баға жетпес құнына, қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұратына тоқталып, ака­де­мияға келіп түскен құттықтау хаттарды оқыды. Бірқатар офи­цер­лер кезекті әскери шенге қол жеткізіп, «Қазақстан Респу­б­лика­сына қызмет етемін!» деп, әріп­тестерінің алдында ант етті. Тәрбиелік, әлеуметтік-құқықтық және идеология жұмыстары жөніндегі орынбасар, полковник Серік Бисекеевтің табыс етуімен өзге де әскери қызметкерлер мен қызметшілер алғыс хаттар пен мақ­тау қағаздарын алды. Мере­келік шара соңы мерекелік кон­цертке ұласты.

Жанат Жабырбеков,
ҚР ҰҚК Шекара қызметі акдемиясының
баспасөз хатшысы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір