ТӨЛ ҚАҺАРМАНДАР – МУЛЬТФИЛЬМ кейіпкерлері
21.12.2018
1457
0

Тәуелсіз қазақ анимациясы тарихында тұңғыш рет жарыққа шыққан төл қаһармандарымыз туралы «Айдар», «Дала ойындары» және «Ертемір» атты мультхикаялардың тұсаукесері өтті. Аталған анимациялық жобаларға жетекшілік еткен – «Балапан» телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай.

«Дала ойындары» мультфильмі – жаңа қоғам құрушылар туралы шытырман туынды. Онда кішкентай қаһармандар 2050 жылға саяхат жасап, цифрланған ғаламның өзекті мәселесін шешуге ұмтылады. Ал, «Ертемір» ғажайып күшке ие болған қарапайым баланың ерлік хикаяларын баяндаса, «Айдар» мультхикаясында көне түркілік миф кейіпкерлерімен танысасыз.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір