«ЖЕЛТОҚСАННЫҢ 16 КҮНІ» ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІ КӨРСЕТІЛДІ
21.12.2018
867
0

Желтоқсанның 18-і күні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан мұрағаттық құжаттар мен нақты деректерге негізделген «Желтоқсанның 16 күні» атты деректі фильм көрсетілді. Онда еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуіне арқау болған 1991 жылдың желтоқсанындағы саяси оқиғалар баяндалған.

Фильм аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев эксклюзивті сұхбат берді. КСРО мен кеңестік республикалар басшылары арасын­дағы қарым-қатынас, сол кезеңдегі негізгі оқиғалар, Қазақстанның алдында тұрған әлеуметтік-эконо­ми­калық жағдайлар, ішкі саясаттың күрделі міндеттері туралы естелік­терін ортаға салды. Арнайы жоба­ның жетекшісі – Дәурен Абаев, фильм авторы – Ерлан Қарин.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір