Әшекей бұйымдар – қазба жұмыстардың нәтижесі
21.12.2018
1320
0

Елбасының идеясы тарихқа деген көзқарасты түзету мен ұлттық бірегейлікті сақтап, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту жайлы болып отыр. Мұны Мемлекет басшысы өзінің былтырғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтқан болатын. Енді міне, Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында рухани жаңғыруды «Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де бар» дей келе түп тарихымызды тереңінен ұғынуға шақырды.

Әсіресе, мақаланың «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» бөлігінде металл өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгерткеніне тоқталды. «Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі. Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді» деп атап көрсетті Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы.
Рас, бүгінге жеткен халқымыздың әшекей бұйымдары сол қазба жұмыстардың нәтижесі. Яғни, елімізде металлургия кәсібі өте ерте заманнан басталғанының дәйегі.

Өмірзақ МЕЛДЕХАНОВ,
Түркістан облыстық мәслихаттың депутаты

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір