ӘДЕБИЕТ ПЕН ӨНЕР САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚ КІМДЕРГЕ БҰЙЫРДЫ?
14.12.2018
1741
0

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қаулысымен әдебиет пен өнер саласын­дағы Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды.

Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мем­лекеттік сыйлығын беру жө­ніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан Республикасының 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сый­лығы:
1. Ақын Тыныштықбек Әбді­кәкімовке – «Алқоңыр дүние» өлең­дер мен балладалар жинағы үшін;
2. Авторлар ұжымына: Төлеу­бек Нығметұлы Әлпиевке, Алан Асқар­ұлы Бөрібаевқа, Сүндет Әбді­рахман­ұлы Байғожинге, «Ас­тана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акцио­нерлік қоғамының шығармашылық ұжымына – «Абай» операсы (Л.Ха­миди, А.Жұбанов) үшін;
3. Авторлар ұжымына: Ақан Қарғамбайұлы Сатаевқа, Әлия Нұр­сұлтанқызы Назарбаеваға, Тимур Қазбекұлы Жақсылықовқа, Алты­най Бауыржанқызы Нөгер­бекке, Әділ Ералыұлы Ахметовке – «Анаға апарар жол» толықметрлі көркем фильмі үшін;
4. Ақын Ақұштап Бақтыгерей­қызы Бақтыгерееваға – «Ана сыры» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін;
5. Ақын Өтеген Оралбайұлы Оралбаевқа – «Шуақты шақ» жыр жинағы үшін берілсін.
Осы Жарлық ресми жария­ланған күнінен бастап қолданысқа енгі­зіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір