Жас ғалымдар жарады
14.12.2018
663
0

Қожа Ахмет Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің жас ғалымдары Астана қаласында алғаш рет ұйымдастырылған Орта Азия бойынша «Scopus Award – 2018» жобасына қатысып, топ жарды! Бұл туралы ХҚТУ-дің баспасөз орталығы хабарлады.

Нақтылай айтқанда, Қожа Ах­мет Иассауи атындағы халық­аралық қазақ-түрік универси­теті­нің Дене тәрбиесі кафедрасының PhD докторлары Бақытжан Ома­ров пен Бағдат Баймұханбетов үздік мақалалары үшін «Best Researcher in Humanities» номина­циясының ІІ орнын иеленді.
Аталған шараға университет президенті Болатбек Абдрасилов арнайы шақырылып, оған ерекше құрмет көрсетілді. Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы­ның Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов, «Elsevier» баспа үйінің басқарушы директоры Тайфун Башал, «Scopus» директоры, «Kun van der Krogt» Дүниежүзілік университе­тінің «Times Higher Education» рейтинг агенттігі РФ мен ТМД елдерінің аймақтық директоры Егор Яблоков, «Elsevier Central Asia» компаниясының аймақтық директоры Әлия Оспанова қатыс­ты. Шара барысында Шығыс Еу­ропа мен Орталық Азия бойынша «Quacquarelli Symonds» рейтинг агенттігінің аймақтық директоры Зоя Зайцева Лондоннан тікелей байланысқа шығып, жүлдегерлерді арнайы құттықтады.

А.ЖАХИЯҚЫЗЫ

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір