ҰСТАЗ МЕРЕЙІ
Осы аптада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінде шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы және «Көкжиек» клубының ұйымдастыруымен докторанттар, магистранттар, студенттер арасында университет аралық әдеби-шығармашылық байқау өтті.
Аталған шара факультеттің ардагер ұстазы, академик Жанғара Дәдебайұлының 70 жылдық мерейтойына арналды. Байқау 4 бағытта жүргізілді. Қазылар алқасы қатысушыларды әділ бағалап, жүлделі орындар тапсырды.
Марапаттау рәсімінде профессор Ж.Дәдебаев жастарға «Таңдамалы шығармаларының» 1-томын таныстырды. Рәсімге белгілі журналист, «Балдырған» журналының бас редакторы Мағлұмов Дүйсен Мүсірәліұлы, ғалым, КИМЭП профессоры Бекеева Нұрайша қатысып, ұстаз тұлғасы жөнінде жүрекжарды сөздерін жеткізді.
Ләйла МҰСАЛЫ,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, м.а