БЕКМАХАНОВТЫҢ ІЗБАСАРЛАРЫ
07.12.2018
703
0

Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тәжірибелік тұрғыда жүзеге асырудағы жас тарихшы-ғалымдардың міндеті» тақырыбында VI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияда жас ғалымдар Елбасы мақаласында қамтылған бастауларға сәйкес өз ізденістерін және жаңалықтарын ортаға салып, ұсыныстарын айтты. Іс-шара бары­сында Ермұхан Бекмаханов атын­дағы жас тарихшы-ғалымдар ара­сын­дағы дәстүрлі респуб­ликалық бай­қаудың жеңімпаздары анық­тал­ды. Биылғы байқауға Қырғызстан, Тәжікстан, Польша, Ресей, Ауған­стан сияқты елдердің жастары да жұмыстарын жіберген. Байқауға ұсынылған 80-ге тарта ғылыми ма­қаланың ішінен таңдаулы 70 мақала конференция жинағына енгізілді. «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының демеушілігімен өткен байқау қо­рытындысы бо­йын­ша Ш.Уәли­ханов атындағы Тарих және эт­нология инсти­ту­ты­ның PhD док­торанты Қуаныш Мурза­ход­жаев жеңімпаз атанды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір