ЕРҒАЗЫ РАХИМОВ АТЫНДАҒЫ МҮШӘЙРАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
07.12.2018
768
0

Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, жазушы, публицист Ерғазы Рахимовтің 80 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш өтті.

Л.Н.Гумилев атындағы Еу­разия Ұлттық университетінің Қа­зақ әдебиеті кафедрасы мен Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастырған кешке ғалымдар С.Қасқабасов, С.Негимов, Қ.Алпысбаев, Р.Тұрысбек, ақын Н.Айтұлы, жазушы Т.Әбдірайым қатысып, Ерғазы Рахимов туралы естеліктерін ортаға салды. Әдеби жиын барысында Е.Рахимовтің 80 жылдық мерейтойына орай өткі­зілген мүшәйраның қоры­тындысы да жарияланды. Қазылар алқа­сының шешімімен бас жүлде Нұрбол Мұратбекке берілді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір