«Астанам, сенсің айбарым»
12.12.2018
1689
0

Қадірлі айтыссүйер, ағайын! Астана қаласында 16-17 желтоқсан күндері ҚР Мәдениет және спорт министр­лігі­нің ұйымдастыруымен Елордамыздың 20 жыл­дығына және Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Астанам, сенсің айбарым» атты республикалық ақындар айтысы өтеді!

Биыл 7-ші рет өтетін «Алтын домбыра» айтысына жыл бойы өткен додалардың жеңімпаздары Айбек Қалиев, Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ережеқызы, Мақсат Ақанов, Болатбек Оразбаев, Дидар Қамиев, Төлеген Жаманов, Тілеген Әділов, Нұрмат Мансуров, Шалқарбай Ізбасаров, Қазірет Бердіхан, Сырым Әділбек, Серік Қуанған қатарлы азулы ақындар қатысады.
Жыр жәрмеңкесін «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының» Басқарма төрағасы Жүрсін Ерман жүргізеді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір