ӘДЕБИЕТТЕГІ БЕЙБІТШІЛІК РУХЫ

0
36 қаралды

Токиодан шығатын Жапония мен Еуразия елдерінің ынтымақтас­тығына бағытталған басылымның №1498 саны жарық көрді. Газеттің үшінші беті толығымен қазақ және жапон халықтарының достығына арналған.

«Көшпенділер мен жапон халқының мәдени байланысын тереңдететін арқау» деп аталатын мақалада журналист Мари Асана биылғы жылдың тамыз айындағы Алматыға сапары аясында қазақ өнерін тама­шалағанын жазады. «Қазақстанда көптеген ұлттардың өзара ынтымақ пен бірлікте өмір сүріп жатқаны өнерінен де бай­қалады», – дейді ол. Журналист Қазақ­стан­ды көрген Жапония азаматтары ара­сында ша­быт­танып, танка жырын жазғ­ан­да­ры бар екенін мақаласында атап көр­­сеткен. Жапон флейтасы –шякухачи ар­қылы Жа­пония ғана емес, шетелдерге де танымал өнерпаз Дайоши Кидзан Жапония мен ұлы дала елін байла­ныс­тыратын музыка әлемі жайында мақала жазыпты. 2018 жылдың та­мыз айында Алматыға келген сазгер жиырма бір жыл бұрынғы сапарын еске алады. «Алдыңғы сапарымда қазақтың ұлттық аспабы – домбыра шертетін музы­кантпен кездесу сәті бұйырып, бірге өнер көрсеткен едім» – деген жапон өнер­пазы бұл жолы дом­быраны көре алма­ғанына өкі­ніш білдіреді. Осы беттегі «Әлем – ортақ үйіміз» деген тақы­рыптағы көлемді мақа­ла­ның авторы Шара­фат Жылқы­баева жапон және қазақ халық­тарының таны­мын­дағы бейбіт­­шілік, достық ұғым­да­рын әдеби-философиялық тұрғы­да пайым­даған. Жапонның Шйотоку Тайши заманынан жет­кен бірлікке үндейтін мақал-мәтелдерін тілге тиек ете оты­рып, бүгінгі Жапония Заңынан үзін­ділер келтірген. «Әр адам құрмет­телуі тиіс» деген ойды бейне­лейтін Жапонияның Ата Заң тараулары­мен қатар ұлтына, дініне, тіліне байланыссыз адам баласы бір-бірін сыйлауы керек деген ежел­гі қазақ даналығынан тұжы­рымдар ұсы­нады. «Бабала­рымыз айтқан өсиет сөз – ұр­пақтан-ұр­паққа беріл­ген фи­ло­со­фиялық ой» – деп жазады автор. Мақалада қазақ даласында еш­­қашан түрме болма­ғаны, қазақ хал­қы бірінші болып ешкімге соғыс ашпағаны туралы айтыл­ған. «Қазақ елі ешқашан басқа елдерге жаугер­шілік ниетте бол­маған, талай қиын-қыстау заман­ды бастан өткерсе де, бейбітшілік стра­тегия­сын ұстанып келеді» – елінген ма­қалада. Автор, сон­дай-ақ, ХХ ға­сырдың ба­сында күштеп қоныс ау­да­рылған көп­теген ұлт өкілдеріне қазақ елі пана болға­нын сипаттай келе, халқы­мыз­дың төзімділігінің арқа­­сында бүгінде Қазақстан Республика­сы Орта Азия­дағы ең бейбіт ел ретінде белгілі дейді. Журналист мақала­сында тарих­тан мысал келтіре отырып, со­ғыс­тың қай түрі болса да, адам­затқа қасірет әке­ле­ді деген ой айтады. Жа­понтілді қазақ жур­налисі мақа­ласын болашақ ұрпақ үшін ойлы өлеңдер қалдырған дана бабамыз, зама­нында қоғам қайрат­кері болған Шәкәрім Құдай­берді­ұлының ой-толғам­дары­мен түйіндепті.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.