ТУҒАН ЖЕР МЕН ТҰЛҒАЛАРДЫ ТАНЫТАТЫН КИНО ЖӘНЕ АНИМАЦИЯЛЫҚ ТУЫНДЫЛАР КӨБЕЮДЕ

0
13 қаралды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы дала­ның жеті қыры» атты мақаласына орай Түркістан облысының Өңірлік ком­муникациялық қызметінде баспасөз мәслихаты өтті. Брифингке қатысқан «Сақ» киностудиясының директоры Нұриддин Пәттеев Президент мақаласындағы қойылған мақсаттар төңірегінде Түркістан облысында жүзеге асқан жобаларға тоқталды.

«Өткен жылы өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс әкімі Жансейіт Түйме­баев­тың қолдауымен «Көне жетігеннің сыры» атты 10 сериялы телехикая түсіріліп, көрермен қауымға ұсы­нылды. Бұдан өзге «Киелі Қазы­ғ­ұрт», «Отырарды қорғау», «Күш атасы – Қажымұқан», «Бәйдібек би» атты анимациялық фильмдері республикалық және жергілікті телеарналарда көрсетілді. Сон­дай-ақ, «Ұлы Жібек жолындағы ескерткіштер» атты деректі
фи­льм таспаланып, көпшіліктің на­зарына ұсынылды», – деді Нұриддин Пәттеев.
Мемлекет басшысы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын­да: «Жалпы халықтың санасында фильмдердегі жарқын кино­образдар іргелі ғылыми моног­ра­фия­лар­дағы деректі портреттерден гөрі маңыздырақ рөл ат­­­қа­­рады. Сондықтан тез арада Қазақстанның өркениет тари­хы­ның үздіксіз дамуын көрсететін деректі-қойылымдық фильмдер­дің, телевизиялық сериалдар мен толықметражды көркем карти­на­лардың арнайы циклын өндіріске енгізу керек. Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы балалар фильм­дері мен мультипликация­лық сериалдарды аса қажет ететін өскелең ұрпақтың да талғамына ерекше назар аудару қажет. Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз – тек Қазақстан ғана емес, сон­дай-ақ бүкіл әлем бойынша елік­теуге лайықты тұлғалар» – деп атап көрсеткен.
Ағымдағы жылы да облыс бас­­ш­ысының қолдауымен өңірде «Ордабасы – бірлік туы» атты анимациялық фильмнің түсірі­лімі аяқталып, тұсаукесері жос­парлануда. Сонымен қатар, «Түр­кістан», «Оқсыз» анимация­лық фильмдері мен «Төле би» теле­сериалының түсірілім жұ­мыс­­тары жалғасып келеді.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.