«ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КЕРУЕНІ» КӨШПЕЛІ ЖИЫНЫ ӨТУДЕ
30.11.2018
2114
0

Түркістан облысының аудан, қалаларында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың арнайы тапсырмасына сәйкес, «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиындар өтіп жатыр. Бүгінге дейін өңірдегі Арыс қаласы мен Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай, Келес, Шардара, Қазығұрт және Төлеби аудандарында ұйым­дастырылған шараларға облысқа танымал дінтанушы-теологтар, беделді спортшылар, мәдениет майталмандары мен зиялы қауым өкілдері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстық филиалдарының имамдары және өзге де сала өкілдері қатысты.

Мәселен, Арыс қаласында өт­кен жиынды қала әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев жүр­гізіп, шаһардағы діни ахуал жай­лы кеңінен айтып берді. Ай­туын­ша, бүгінгі таңда Арыста «Діни қызмет және діни бірлес­тіктер туралы» қабылданған Заңға сәйкес тіркеліп жұмыс істеп жатқан діни конфес­сиялардың жалпы саны – 2. Олар: Исламдық және Христиандық бағытта. Қала аумағындағы діни бірлестіктер мен филиалдар – 27. Оның ішінде: 1-приход («Шымкент қаласының Арыс қаласын­дағы Божией Матери қазан иконасы приходы» жергілікті пра­во­славиелік діни бірлестігі) право­славтық бағытта болса, Қа­зақстан Мұсылмандары Діни басқар­масына қарасты 26 мешіт жұмыс істейді. Олардың барлығымен ты­ғыз байланыс ор­натылған. Жалпы алғанда, қала аумағында діни ахуал тұрақты.
«Дәстүрлі құндылықтарға қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері жатады. Әр отбасында бұл құндылықтар әртүрлі. Олардың ұқсас жақтары да бар. Кез келген отбасында дінді сақтап, некені бұзбау, ұрпақ жалғастырып, бала тәрбиелеу сынды ортақ, дәс­түрлі отбасылық құндылықтар қалыптасқан. Әрбір отбасының басты мақсаты – бақытты ғұмыр кешу болып табылады. Бақытты отбасын құру бірінші кезекте жас жұбайлардың тәрбиесіне тікелей байланысты. «Балапан ұясында не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп қазақ халқы отбасы тәрбиесіне ай­рықша мән берген. Мемлекеттің басты міндеті мен мақсаты да осы дәстүрлі құндылықтарымызды сақтап, өскелең ұрпаққа ізгілік жолын дәріптеу. Сол міндетімізді орындау мақсатында аталған керуенді ұйымдастырып, пікір ал­масуға келіп отырған азамат­тарға алғысымды білдіремін», – деді қа­ла әкімінің орынбасары.
Жергілікті халықпен кездесуде Түркістан облысы дін істері бас­қар­масы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің дирек­торы­ның орынбасары Мәди Бесбаев, Түркістан облысы дін істері бас­қар­масы, «Дін мәсе­ле­лерін зерттеу орталығы» мемле­кеттік комму­нал­дық мекемесінің бөлім басшысы Дә­лел­хан Оспанов, Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту бас­қармасы, Халық шығарма­шы­лығы орталы­ғының бөлім басшысы Шолпан Мамытханова, Арыс қа­ласының «Ырыс алды – ын­ты­мақ» қоғам­дық форумының хат­шы­сы, кәсіби емес медиатор, қала­ның құрметті азаматы Қоныс Бал­қы­беков, қалалық Жанар Бай­ғуттиева атындағы өнер мек­тебі директо­ры­ның орынбасары Темірхан Әбдіков сөз алып, бас­қосудың маңыз­дылы­ғына тоқ­талды. Жиынға қа­тысушылар тарапынан баян­да­машыларға сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір