Туризм – ел экономикасының ертеңі
30.11.2018
3111
0

Туризм – Қазақстан эконо­мика­сындағы қар­қынды салалар­дың бірі, халықаралық сарап­шы­лар­дың пі­кірінше, қазіргі кезде туризм әлемдік эко­номи­кадағы қарқыны тө­мен­де­мейтін саланың біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнім­нің қалып­тасуына, қосым­ша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда ба­лансының белсен­ділігіне ықпал етеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы дала­ның жеті қыры» мақала­сын­да туризм мәсе­ле­сін кеңінен сөз ете келіп: «Отанның бола­шағы, мемлекеттің келешегі – жастар­дың қолында, олар­дың өрісті ойы, өр­кенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқа­­сында биік белестерге жетеді», – дейді. Иә, қа­зақ халқы «ақыл жастан, асыл тас­тан» деген. Сонау ғасырдан бері қаншама уақыт өтсе де, қаншама ұрпақ ауысса да халықтың жастарға деген сенімі өзгер­ген жоқ. Жастар әркез қоғамның алға бастар күші ретінде танылған.

Соңғы жылдары туризм әлем­дегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнен түсетін табыс мұнай мен көлік өн­діру­ден кейінгі үшінші орын­да. Туризмнің маңызы жыл­дан-жылға өсуде, оның халық­ара­лық байланыста және валю­та­лық тү­сім көз ретінде маңызы артуда. Туризм­нің басқа да салаларға тигі­зетін әсері мол, оның 32 салаға жа­нама ық­палы бар (турфирмалар, кө­лік түрлері, мейманхана кешен­дері, демалыс үй­ле­рі, санаториялар, ұлттық парктер, тамақтану сферасы, т.б.). Бұл әлемдік өндірістегі әр 9 адам­ның жұмыс орны деуге болады. Бүгінде жұмыс берушілер туризм мамандарына деген сұраныстың ерекше екенін атап өтуде. Еліміздің туристік әлеуе­тін ескерер болсақ, жыл өткен сайын мамандарға деген сұраныс артуда. Бү­кіл әлемде ту­ристік бизнеске мамандар даярлауға айтарлықтай көңіл бөлініп жатыр. Болашақ маманға тео­риялық білім ғана емес, тәжірибе­лік ма­шықтар да маңызды. Туризмді да­мытудың кілті – кадр даярлау – осы іспен айналысатын бірден-бір оқыту орны – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов) – соның ішінде География және табиғатты пайдалану факуль­тетінің рекреациялық география және туризм кафедрасы. Оқу орда­сының бай коллекциясы жыл сайын толы­ғып оты­рады. QS Агент­ті­гінің 2018 жылы жүр­гізген дербес ба­ғалау қорытынды­лары бойынша ҚазҰУ «QS Stars Development Road map» халықаралық рейтингінің «Төрт жұл­дыз» артықшы­лық белгісін иеленген Орталық Азия­дағы алғашқы әрі бірегей оқу ордасы. Бүгінгі таңда университет­і­мізде 25 мың­ға жуық студент бакалавриат, ма­гист­ратура және PhD бойынша бі­лім алып жа­тыр. Олардың жан-жақты бәсекеге қабілетті маман болып шы­ғуына толық жағдай жасал­ғанын бір ғана оқу ордасында 7 ғылыми-зерттеу институты, 1 ғы­лыми-тех­но­ло­­­гия­лық парк, басқа да ғылымды да­­мы­туға үлес қосатын ор­та­­лық­тар­дың бар екендігі дәлел болса керек. Дәл қазіргі уақытта бакалавриат бойын­ша 81 мамандық, магистратурада 84 және PhD бойынша 64 ма­мандық­тың мамандары дайындалуда. Рекреациялық география және туризм кафедрасы алғаш рет 1996 жы­лы 1 желтоқсанда әл-Фараби атын­дағы Қазақ Ұлттық универ­си­тетінің география факультетінде құрылып, туризм индустриясы үшін мамандар дайындайды.
Осылайша елдің болашағы үшін, туризм саласын дамыту үшін мамандар дайындауды мақсат еткен кафедра дүниеге келді. Өйткені, еліміз бойынша туризм саласын зерттеп, оны дамытатын мамандар қажет. Заман талабы мен сұраны­сына сай мамандарды даярлайтын рекреа­циялық география және туризм кафедрасында білікті оқыту­шылар, ғылым докторлары мен профессорлар дәріс береді. Кенжелеу да­мып келе жатқан саланы дамытуда аталмыш кафедраның алатын орны ерекше екендігін баса айтқым келеді. Халық­аралық UNWTO TedQual сертифи­ка­тының талабына сай келетін Қа­зақс­танда туризм мамандығы бойынша білім беретін ҚазҰУ-дың рекреациялық география және туризм кафедрасы біре­гейлігімен ерекшеленетіні сөзімізге дәлел.
«Болашақ – жастардың қолында» деген сөзді негіз еткен кафедра­мыз­дың сту­денттері ертеңгі еліміздің болашағы үшін аянбай тер төгуде. Қазіргі күнде кафедрамызда сту­дент­теріміздің құры­луымен, қол­да­уымен «Жастур» спорт және ту­ризм­ді дамыту клубы жұмыс істейді. Бұл – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің бастамашыл және шығармашыл студенттері құрған заманауи жастар ұйымы. Клубтың қызметі жастардың бола­шағы зор жобалары арқылы біздің еліміздегі туризм мен спортты да­мы­туға бағыт­талған. Мұнда туризм индустриясын жетілдіру үшін ең батыл және бірегей идеялар шын­дыққа айналады. Туризммен қатар, Қазақстанның спорт­пен байланысты әртүрлі жар­қын жобалары жү­зеге асырылады. Сонымен қатар, клуб ұйымдасты­ратын іс-шараларға түрлі ғылыми, білім беру, ойын-сауық, қайырым­дылық акциялары да кіреді.
Жыл сайын клубтың ұйымдас­ты­рылуымен «Туризм мамандығы бойынша ЖОО арасындағы олимпиада», мектеп оқушылары арасын­дағы олимпиада, әртүрлі спорттық турнирлер (вол­лейбол, футбол және т.б.), ішкі туризмді дамыту мақса­тында Алматы маңындағы көрікті жерлерге экскур­сиялық турлар ұйым­дастыры­лады. Алайда ұйым­ның бұл жетістігі бұнымен тоқтай қоймайды, жаңашыл, отан­сүй­гіш, білімді, шығармашыл жастары­мыз­дың арқасында әрі қарай жалғасын тап­пақ.

Жаннат Алиева,
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Рекреациялық география және туризм кафедрасының доценті, география ғылымдарының
кандидаты

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір