Қыран мінезді ақын

0
69 қаралды

Жуырда «ҚазАқпарат» баспасынан қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтарының иегері Жұбан Молдағалиевтің экслюзивті таңдамалы жыр жинағы жарыққа шықты.

Кітапқа автордың ақын ретіндегі өсу, қалыптасу, кемелдену, кезең­дерінің баспалдақтарының айғағын­дай, жастық шақ, туған жер, Отан, махаббат тақырыбындағы лирика­лық туындылары мен кешегі күндей күркіреп өткен Екінші дүниежүзілік соғысы жаңғырықтарының поэзия­лық жазбасы іспетті ерлік, азамат­тық, батырлық, достық жайлы отты жырлары, атақты «Қыран дала», «Сел», «Байқоңыр баспалдақтары» (фрагменттері) т.б. поэмалары енді. Жинаққа ақын өмірінің әр сәт­тері­нен сыр шертетін фото­суреттер де еніп отыр. Кешегі қылышынан қан тамған кеңестік кезеңнің өзінде де ештеңеден қаймықпай, «Мен – қазақ­пын» деп барша әлемге жар салған, Желтоқсан оқиғасы кезінде де өзінің азаматтық позициясынан айнымай, өз ұлтының намысын қызғыштай қорып, мінбелерден қырандай саңқылдаған, халқы­мыздың қыран мінезді ұлы, азамат ақыны Жұбан Молдағалиевтің туындылары әде­биетіміздің алтын қорына қосылған асыл қазынаға айналды.
Ақын азамат, қайраткер ретінде өз ұлтын шексіз сүйген, туған еліне қуатты қаламымен, бар қажыр-қайратымен, жан-тәнімен қалт­қысыз қызмет еткен айбынды да айбарлы, қыран мінезді қалам­гердің биік рухты, ерлікті, асқақ адам­гер­шілік асыл қасиеттерді дәріптейтін қайталанбас туындылары еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген тұста дүниеге қайта келгендей өзінің бар қадір-қасиетімен жарқырай түсіп, туған жұртының рухани өміріне қызмет ете беретін болады.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.