«ЖАСТЫҚТЫҢ ОТЫ, ҚАЙДАСЫҢ…»
09.11.2018
2519
0

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен өтетін жастар шығармашылығының жыл сайынғы «ЖасStar» халықаралық фестивалі аясында Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында жас суретшілердің халықаралық байқауы ұйымдастырылды.

«Энергия. Жастық шақ. Өнер» атты байқау-көрмеде Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Украина елдерінің түрлі аймақтарынан келген жас шеберлердің сан алуан бағыттар мен техникалық тәсілдер арқылы орындаған алпыстан астам туындысы сынға түсті. Суретшінің көркемдік мәнеріне, идея ұшқырлығына, шығарма мазмұнына ерекше көңіл бөлінген байқауда Шымкент қаласының жас суретші-шебері Бауыржан Жет­пісәлиев жеңімпаз атанды. Ав­тор ыстық эмаль техникасы арқы­лы күмістен жасаған «Мәң­гі­лік ел» атты зергерлік компози­ция­сында көшпелі дәуірден қазіргі таңға дейінгі қазақ тұрмысының көрінісін жүк артылған түйе бейнесіне сыйғызған. Бейнелеу өнеріндегі жаңа заман айшық­та­ры­на толы бұл көрме қараша айының соңына дейін жалғасады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір