Тәкеннің «Таңдамалысы»
09.11.2018
2481
0

Қазақ әдебиетінде өзіндік ерекше шығармашылығымен, кең тынысты суреткерлігімен танылып, қайталанбас бірегей туындылардан тұратын мол мұра қалдырған жазушы, қара сөздің қас шебері Тәкен Әлімқұловтың алар орны ерекше.

Алғашқы кесек туындысы «Ақбоз ат» романы мен басқа да әңгіме-хикаяттарымен қалам қарымы қуатты суреткер есебінде қазақ әдебиеті­нің тарихына енген қаламгердің туғанына 100 жыл толуына орай «ҚазАқпарат» баспасынан «Көк қаршыға» атты әңгімелер жинағы жарық көрді. Тәттімбет, Ақан сері, Сүгір, Махамбет сынды қазақ халқының біртуар перзенттерінің өмірі жайында қалам тербеген автор әр тұлғаны әр қырынан сомдап, сол заманның қайшылықты да күрделі шындығын ашып көрсетеді. Кітап жазушы талантын қадірлейтін қалың оқырман қауым­ға арналған.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір