Әдебиет – алтын көпір
09.11.2018
1167
0

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына «Рухани жаңғыру» тұғырнамасын ұсынып, қандай бағыттар бойынша жұмыс істеу керектігін нақтылап берді. Өткен аптада «Шығыс әдебиеті және өнері» халықаралық Баспа компаниясы аталған тұғырнама аясында «Әдебиет – алтын көпір» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып, шығармашылық өкілдерінің басын қосты.

Шараны ұйымдастырушы Баспа компаниясы­ның да алға қойған мақсаты Жібек жолы бойындағы елдердің әдебиетін қазақ тілінде сөйлетуді көздейді. «Елбасы Н.Назарбаев «Өзімдікі ға­на таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқа­лар­­дың ең озық жетістік­терін қа­былдай білу, бұл – табыс­тың кілті, әрі ашық зерденің бас­ты көрсет­кіш­­терінің бірі» деп атап көрсетті. Баспа компания­сын ашуы­мыздың да басты себебі – ше­тел­дің эконо­ми­калық, мо­­тивизация­лық, ғылы­ми-әдеби еңбектерін қазақ тіліне аударып, жас ұрпаққа ұсыну», – дейді Баспа компания­сының Бас редакторы Гүлнұр Юсупбаева. ашыл­ғанына бір жыл толған компания оннан астам қытай тіліндегі тарихи-әдеби еңбек­тер­ді қазақ тіліне тәржімалап үл­ге­ріп­ті. Шара барысында аударма­мен айналысу оңай шаруа емес екендігі ай­тылды. Әсіресе, ма­мандар мәселесі оңайға соқпай тұр. Оқу, ойға түю – бір күндік жұ­мыс ем­ес. Ендеше, бо­ла­шақ үш­ін жүгі ауыр жұмысты қол­ға ал­ған ұжымға сәттілік тілей­міз.

Н.Сахов

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір