Мейірімі мол жандар!
09.11.2018
1923
0

Халқымыз – ұрпағын жатқа бермейтіндігімен ғана емес, өзгенің де жетім қалған көгенкөзін бауырына басып, жүрек жылуын аямайтын дархан көңілімен ерекшеленген. Оған дәлел, сонау ғасырлардағы ашаршылық кездері мен Ұлы Отан соғысында жер аударылып келген өзге ұлт балаларын жетімсіретпей бауырына басқандығы десек, осы замандағы жетімдер үйіндегі жәутең көздерді және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршы жандардың көңіл толтыратын еңбектері.

Осындай батыл қадам жасап, бала тәрбиесіне үлкен үлес қосып, көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген ата-аналарға арналып, Қазақстан Респу­бли­ка­сының Білім және Ғылым Министрлігі «Балалар­дың құқықтарын қорғау» комитетінің 2014 жылдың 16 қыркүйектегі бұйрығымен 29 қазан «Қамқоршы күні» мерекесі болып жарияланған.
Осы қуанышты күнге орай 7 қараша күні Алатау аудандық Білім бөлімінің ұйытқы болуымен және ауданға қарасты 25 мектептің атсалысуымен мере­кеге байланысты «Мейірімі мол жандар!» деген атпен «Қамқоршы күніне» арналған іс-шара өтті. Жал­пы аудан бойынша «Қамқоршы ата-ана» ретінде тіркелген 143 отбасы болса, қамқорлықтағы ба­ла саны 169, оның 98-і жетім, 71-і ата-ананың қам­қорлығынсыз қалған балалар. Ал 8 бала патронаттық тәрбиеде.
Мерекеге Алатау ауданы бойынша, «Қамқоршы ата-ана» ретінде тіркелген 143 отбасы шақырту ал­ды. Кешті аудандық Білім бөлімінің басшысы Қасымбекова Айгүл Жұмабекқызы құттықтау сөзбен ашты. Кеште «Қамқоршы ата-аналарға» ал­ғыс хат, мектептер ұжымы атынан шағын сый­лықтар таратылды, іс-шара мектеп оқушы­ла­рының дайындаған шағын концерттік бағдарламасымен ұласты.
Бақыт деген – сенің бала күндерің,
Бақытсыз – ақ бақытты боп жүргенің.
Бақытын да, басқасын да білмеуің,
Бақытсыз-ақ ойнағаның – күлгенің, – дегендей осы өткізілген «Қамқоршы күнінде» баршаңызға балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықыластарыңыз бен аялы алақандарыңызды созып, балғын бөбектерге адамдық, мейірімділік пен жомарттық танытқандарыңызға рахмет! Бала – бауыр етіміз. Сондықтан да балалардың өмірі жарқын, аман болсын!

Р.Б.Бейсенова,
№26 жалпы білім беретін мектептің
әлеуметтік педагогі

Алматы қаласы, Алатау ауданы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір