БҮГІНГІ КҮННІҢ ДЕТЕКТИВІ: ПАРА БЕРГЕН БЕ, ПӘЛЕ ЖАПҚАН БА?

0
74 қаралды

Заманымыз шым-шытырық оқиғалар мен шырғалаңға толы. Айласын асырып алдағандар мен айлаға қайла таба алмай алданғандар, зорлықшылар, қорғансыздар, заң, құқық саласында жүріп-ақ, заң бұзатындар, заңды білмей заңға қайшы жүретіндер, қызғаныштың қызыл иті ішінде ұлып харамми тірлікке бой ұрғандар – қойшы, әйтеуір толып жатыр. Осының бәрі бүгінгі күннің драмасы. Және ол бізде ғана емес, әлемнің барлық елінде болып жатқан жайттар. Сол жайттарды Батыс жұртының қаламгерлері қағазға түсіріп, киногерлері таспаға тарта қояды. Детектив жанры Эдгар Алан По, Конан Дойл, Марио Пьюзо, Агата Кристилердің заманынан озып, бүгінге жетті. Бүгін тіпті, күшейе түскендей… Тек қазақ қаламгерлері ғана үнсіз. Күлкілі оқиғаларға күнде куәміз, бірақ, қазақ жазушылары күлмейді. Детектив пен сатира бізде «саптан шығып» тұрған сияқты… Төмендегі мақаланы жазушылардың газетіне әдейі жариялап отырмыз. Өйткені, бұл – жазуға сұранып тұрған тақырып. Ендеше оны алдымен жақсылап оқып алайық.

Осыдан тура сегіз ай бұрын бұ­рынғы Астана қалалық Әділет деп­ар­таменті басшысының орын­ба­сары Рауан Рамазанов пен атал­мыш мемлекеттік органның бас­қар­ма бас­тығы Еркін Дәулетбаев «22 миллион пара алып жатқан же­рінде ұсталды» деген ақпарат та­раған еді. Осы ақпаратты жалпақ жұртқа алғаш таратқан КТК арнасы жақында осы «көріністі» жерден жеті қоян тапқандай қайталап көр­сетті. Ондағы мақсаттары не? Жал­пы осы ақпарат шындыққа жанаса ма? Шынымен олар пара алып жат­қан жерлерінде ұсталды ма? Па­раны берген кім? Ол кімнің ақ­шасы? Өйткені «пара берді» деген жәбірленуші жақ «біз ешкімге ақша берген жоқпыз» деп ашық мәлімдеп отыр. Ендеше пара бермек болған кім? Жалған ақшаны тықпалап, арандату әрекеттерін жасаған кім?.. Неге? Не үшін?..
«Пара берді» деген «Астана Қа­ла­­лық Жарық» мекемесінің бас­шы­ла­ры Рамазановпен де, Дәулет­баев­пен де жеке таныстықтары бол­­ма­ған, тіпті өмірде көрмеген, кездеспеген, тілдеспеген бейтаныс жандар. Егер арандату болмаса, «Астана Жарық» мекемесінің бас­шылары мемле­кеттік мекеме бола тұра, неге мәсе­лелерін шешкізу үш­ін ақша ұсын­бақшы болады? Олар ондай ақшаны қайдан алады және қалай береді? Қисын қайда? Яғни, білдірмей әдейі қақпан құр­ған. Олай дейтініміз, пара беруші ретінде қарастырылып отырған «Ас­тана қалалық жарық» серік­тес­тігі директорының кеңес­шісі Аман­жол Тәжіғалиев өз ойын қандай жолмен болсын жүзеге асы­руды мақ­сат тұтқаны және Астана қа­ла­лық Әділет департаментінің қыз­мет­­керлерін арандатудың жолын ұзақ іздегені және қитұрқы іс-әре­кеттерге барғаны анық аңға­ры­лады. Әділет департамент қыз­меткерлері оның ұсыныс-тілегін қайта-қайта қайтарып тастаса да, ол өз ойын жүзеге асыру үшін қай­та-қайта келе берген. Бірақ ол Ра­уан Рамазановқа да, Еркін Дәу­летбаевқа да ешқандай ақша бер­меген. Ендеше пара ре­тінде ұсы­нылған ақша кімдікі? Ол – Астана қалалық сыбайлас жем­қорлыққа қарсы департамен­тінің жеке есебінен алынған ақша екен. Оның жүз мыңы (100 000) ғана шын ақша да, қалған жиырма бір мил­лион тоғыз жүз мыңы (21 900 000) жалған ақша. Міне, осы ақ­шаны Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қала­лық департаментінің қызметкерлері «Астана қалалық жарық» серік­тес­тігінің шофері Әнуар Рамазановқа (Рауан Рамазановпен тектес, бірақ ешқандай туыстық байланысы жоқ, мүлде бейтаныс адамдар) берген. Әнуар Рамазанов соның алдында ғана аталмыш мекемеге автобус жүр­гізушісі болып (жүргізуші куәлі­гінде ондай категория болмаса да) орналасып (яғни заңсыз), Мем­ле­кеттік қызмет істері және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агент­­тігі қызметкерлерінің тапсыр­масын орындаған соң қайтадан жұмыстан шығып кеткен. Бұл жайт та күдік тудырмай қоймайды. Мұқият тексеруді талап етеді. Бұл істе бұндай күмәнді нәрселер мен түсініксіз жайттар, заң бұзушы­лық­тар өте көп…
– Шынын айтқанда, осы бір жалпақ жұртқа жар салған ірі істі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері өздері арандатушылық әрекеттері арқылы жасаған, бірақ олары өте сәтсіз шыққан, – дейді Рауан Ра­ма­зановтың адвокаты Ерлан Айтқо­жинов, – Біз бұл іспен мұқият таныстық. Сондықтан айыпталушы Рауан Рамазановтың бұл іске еш­қан­дай қатысы жоқ деп сенімді түр­де айта аламын. Мысалға ай­тайық­шы, пара талап етті деп арыз беруші («Астана қалалық жарық» мекемесі басшысының кеңесшісі) Аманжол Тәжіғалиев Рауан Ра­мазановты танымайды, көрген де адамы емес. Тіпті, көлік жүргізушісі Әнуар Рамазановқа пара беру туралы ешқандай тапсырма, тіпті, ақша да бермеген. Әнуар Рамазанов атал­мыш серіктестікте бар-жоғы бір ай­дай ғана жұмыс істеген. Және оның Ұлттық Бюро жүргізген қа­ты­сы барлығы анықталып отыр. Мүм­кін ол «Ас­тана қалалық жарық» ме­ке­месіне кез­дейсоқ жұмысқа тұр­маған бо­лар?!. Қазір бұның бәрін адвокаттық қауымдастық зерттеп-зерделеп жатыр. Енді осы істегі тағы бір фигурант – Астана қалалық Әділет департаментінің жауапты қызмет­кері Гүлмира Манаповаға келсек, арызданушы сонымен көп байла­нысқа түскен. Ол өзі жауапкер­шілік­тен құтылу үшін басшыларын ұстап беруге тырысқан. Бірақ істегі жазбаның бірінде агенттік қызмет­керлеріне Манапова: «Рамазанов пен Дәулетбаевтың ақшаны ал­май­тынын» ашық мәлімдеген. Олай болса, қалайша пара туралы әңгіме қозғауға болады?!
Тағы бір таңғаларлығы – «пара­ны» (жүз мың (100 000) теңге мен жиырма бір миллион тоғыз жүз мың (21 900 000) жалған ақшаны «Астана қалалық жарық» мекемесінің көлік жүргізушісі Әнуар Рамазановқа бас­шылары емес, Мемлекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы агенттігінің Астана қала­лық департаментінің қызмет­керлері берген. Ендеше бұны пара деп қалай айтуға болады? Бұл таза арандату емес пе?!. Заң бойынша, бұл пара болып саналмайды. Бұл заңға қайшы іс-әрекет. Бұл үшін агент­тік қызметкерлері Заң алдын­да жауап беруі тиіс. Әнуар Рама­занов Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе оты­рып, осындай (20) жиырма іске аран­дату әрекеттерін жасаған. Бір емес, екі емес, жиырма адамның тағ­дырына балта шабысқан. Міне, өздеріңіз де байқап отырған шығар­сыздар, бұл жерде пара беру, пара алу оқи­ғалары атымен жоқ, көпе-көрінеу арандату, қылмысқа итермелеу ғана бар…
Пара деген не? Біреу ақша бер­се… екіншісі соны алса… міне, бұл пара болып есептеледі… Мем­ле­кеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қыз­меткерлері соны да білмей ме?!. «Пара алып жатқан жерінде ұстал­ды» деп жарияға жар салғандары қалай?.. Халықтың мұң-мұқтажын жоқтауға тиіс журналистердің, яғни КТК арнасының жалған ақпаратты таратқаны несі?!. Ал шын­ды­ғында жаңағы агенттіктің ақ­шасын Рауан Рамазанов пен Еркін Дәулетбаев алмаған да, тіпті ол ақшаны көр­меген де… Агенттіктің «параға» берген ақшасы (алпыс мың теңге, қалғаны жалған ақша) аталмыш қызметтің тапсырмасы бойынша әрекет еткен Г. Манапов­аның сум­касында болған, оның қырық мың теңгесі Манапованың өз ақшасы екен, сонда бар-жоғы жүз мың тең­ге, ол оны Рамазанов пен Дәулет­баевтың алмайтынын (өз сөзі) бі­ліп, оларға ұсынбаған, яғни бер­ме­ген… Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет­керлері ақшаны Манаповаға өздері береді және Р.Рамазанов пен Е.Дәулет­баевтардың алмайтынын білген соң, қайтадан сол Мана­по­вадан өздері алады. Осылай айла­ла­рын асыру арқылы заңсыз ұс­тайды. Тіпті Р.Рамазанов пен Е.Дәулетбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы агенттіктің өздері тықпалаған ақшаны алған күннің өзінде ол шынымен пара болып есептеле ме?! Заң тұрғысынан да, адамгершілік тұрғысынан да бұл ешқашан пара болып саналмайды! Яғни шын мә­нін­дегі пара алу фак­тісі тіркелмегені айдай ақиқат. Заң қызметкерлерінің осындай заңсыз­дықтарға барғаны қынжылтады. Сонда «пара алушы­лар» кімнен пара алған болып шыға­ды өзі? Біздіңше, бұл пара емес, пәле-жала, таза арандату. Осыдан кейін Р.Ра­ма­занов пен Е.Дәулет­баевты «Ас­тана қалалық Жарық» серік­тес­тігінен 22 миллион теңге пара алды» деп қалай айыптауға, қалай ақпарат таратуға болады?!.
Р.Рамазанов пен Е.Дәулетбаев алды деп айыптап отырған 22 мил­лион теңге қайда? Ол кімнің ақ­шасы? Ол өзі шынымен бар ақша ма, жоқ әлде, ойдан құрастырылған миф пе? Алдымен қарапайым осы сұраққа жауап іздейікші. 22 мил­лион деп ауыз толтырып айтқанмен, ол атымен жоқ ақша ғой. Жоқ ақ­ша­ны қалай параға беруге болады? Міне, түсінген адамға, «Астана қа­ла­лық жарық» мекемесі бас­шы­ларының пара бермек ойлары да болмаған, тек арандату әрекеттерін жасағаны осыдан-ақ беп-белгілі емес пе?! Ал, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өз бухгал­те­риясынан суырып алып берген ал­пыс мың теңге мен агенттіктің тапсырмасын орындаған Г.Ма­на­пованың қырық мың теңгесі және 21 900 0000 жалған ақша параға жатпайтыны есі дұрыс адамға белгілі шығар. Осы жерде тағы бір заңды сұрақ туындайды. Ендеше пара берген кім немесе қай меке­ме?.. «Астана қалалық жа­рық» се­рік­тестігі ме? Кешіріңіз… олардың бір тиын бермегендерін және ондай қаржыны ешқашан тауып бере алмайтындарын өздері-ақ ашық айтып отыр. Бұндай жағдайда пара туралы сөз қозғаудың өзі артық емес пе?
Сондықтан бұл істің анық-қа­ны­ғы толық ашылуы үшін ең ал­дымен Рауан Рамазанов пен Еркін Дәулетбаевқа қастандық істеген, арандату әрекеттерін жасаған адам­дарды ұстап, осы іс бойынша қыл­мыстық іс қозғап, кінәлілерді қыл­мыстық жауапкершілікке тарту керек. Себебі арандатудың өзі де үлкен қылмыс. Өкінішке қарай, Астана қалалық Прокуратурасы да біз тізбелеп отырған мәселелерге аса көңіл аудармай отырған сыңай­лы. Тек қана қыркүйек айының өзінде Құқық қорғау органдарының басшыларына осы жай-жапсарларға байланысты отыздан аса арыз-шағым жазылған екен. Оның бірде біреуінен нақты жауап келмеген. Құқық қорғау органдарының адам тағдырына осыншалықты жауапсыз қарайтыны алаңдатады.
Сондықтан Бас Прокурордан, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Жоғарғы соттың төрағаларынан, біз сөз етіп отырған факторларға байланысты тергеу амалдарын қайта жүргізіп, Р.Рамазанов пен Е.Дәулетбаевты «жап­тым жала, жақтым күйеден» аман алып қалуды сұраймыз. Со­нымен бірге осы істің түпкі себебін то­лықтай ашуға күш салынуы керек. Әйтпесе, қазір елімізде қым-қиғаш көзқарастағы адамдардың бір-бірінен өш алу үшін арандату әрекеттерін жасайтын үрдіс белең алып бара жатыр. Ал бұның арты жақсылыққа апарып соқтырмай­тыны тағы анық.

Мұрат МҰҚАШЕВ,
журналист

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.