Шабылған ел, сабылған ер…

0
107 қаралды

Рафаэль Ниязбек. «Махамбет майданы». Алматы, «Өлке» баспасы, 2018 ж.
Қазақстанның Ең­бек сіңірген қайраткері, Ха­лықаралық «Алаш» әде­би сыйлығының лау­реаты, Шешен Республикасының ең жоғары Мемлекеттік «Ұлт намысы» орденінің иегері, Ресей Жазушылар одағының «Сергей Есенин» алтын ме­да­лінің иегері, көрнекті ақын Рафаэль Ниязбектің «Махамбет майданы» деп аталатын бұл кітабында замана тудыр­ған дауылпаз ақынның қилы тағдыры, аумалы-төкпелі уақыттың улы зардабы, сонымен бірге шабылған ел, сабылған ердің шермен­де өмірі шынайы суреттелген. Ақын­ның бұл еңбегі эстетикалық-көркемдік ерекшелігімен де, батыл ой-пікірімен де оқырманды бей-жай қалдырмасы анық.


Алтайдай жер қайда-ай…

Әлібек Асқаров. «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді…». Роман. Алматы, «Өлке» баспасы. 2018 ж.
Жазушының бұл шы­­ғар­масында қа­ра­па­йым ауыл тұр­ғын­дарының портреті жасалған. Олардың бастан кешкен оқиғалары да алуан түрлі әрі қызықты. Шығарма желісі үнемі әдемі әзілмен өріліп отырады. Сол арқылы оқу­шы­сын еріксіз езу тартқыза отырып, кейіп­керлердің ішкі трагедиясына үңілдіреді. Кеңес дәуірінде бүтін бір ұрпақтың бойына сіңіп қалған кейбір жағымсыз мінездерден арылуға үндейді.
Роман ауыл тұрмысын бейне­леу­­де боямасыз шынайылығымен ерекшеленеді.


Өзгелер қазақ тілінде

Абатбай Кірқабақов. Аудармалар. «Дулат» баспа кешені. Алматы, 2018 ж.
Қазақстан Жазу­шылар және Жур­налис­тер одақтарының мүшесі, ақын, аудармашы Абатбай Кірқабақовтың бұл кітабына оның әр жылдары рес­пуб­ликалық басылымдарда жария­лан­ған аудармалары енген. Қай ау­дар­масын оқысаңыз да, адам өмірінде кездесетін қызықты да шытырман оқиғаларға тәнті боласыз. Кальман Миксат, Владимир Солоухин, Фазиль Искандерлер қатарлы орыс, қырғыз, қарақалпақ қаламгерлерінің шығар­ма­ларын қазақ тілінде сөйлеткен жазушының тілі аса оралымды да шебер.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.