ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖАҢА ТЕАТР АШЫЛДЫ
02.11.2018
1289
0

Күні кеше ғана Талдықор­ғанда жаңа театр өз жұмысын бастады. Жаңа өнер ордасы өз шымылдығын жаңа шаңыраққа қоныстанған Б.Римова атындағы театр ұжымы сахналаған қазақ классикасының жауһары – Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан» комедиясымен ашты.

Облыс бюджетінен 6 млрд. тең­геге жуық қаржы бөлінген құ­рылыс нысанын пайдалануға беру Орта Азия елдерінің 7-нші Халы­қа­ралық театр фестивалімен орай­лас келді. Халықаралық сайыс қара­шаның 6-сына дейін жалға­сады. Аталған шараға Түркия, Түр­кіменстан, Ресей, Башқұрстан, Қыр­ғызстан т.б. елдердің театр­лары қатысуда. Салтанатты шара­ның ашылуында КСРО Ха­лық әртісі, Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаты, Қазақстан Театр­лары ассоцациясының төра­ғасы Асанәлі Әшімов құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, Талды­қорған теат­рының ресми ашылу салтана­тын­да өнер саласында тер төгіп жүр­­ген бірқатар жас­тарға «Сер­пер» жастар сыйлығы табыс етілді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір