«100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫМЕН КЕЗДЕСУ
02.11.2018
1011
0

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы жеңімпаздарының бірі – ғалым Хадичахан Рафикова. Күні кеше ғана Алматы қаласындағы №178 лицейде Хадичахан Сабыржанқызымен кездесу кеші өтті.

Хадичахан Рафикова бес тілде сөйлеп, шәкірттеріне үш тілде сабақ береді. Алматы қаласындағы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу универси­те­тінде Химиялық технологиялар кафедрасының сениор-лекторы. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасында жеңімпаздар қатарынан көрініп, Елбасымен жүздескеннен кейін бойымда өз-өзіме деген сенімділік пайда болды, — дейді Хадичахан Сабырқызы. – Көп жағдайда өзімізді бағалай бермейді екенбіз. Бар күшімді зерттеу еңбектеріме жұмсап қана жүре беріппін. Ғы­лыммен шұғылдану аса зор қажырлылықты талап етеді. Мен үшін ғылым жолында жүрген әрбір ұстаз, ғалым – өз ісінің шебері. Олар да үздік оқыту­шы­лар, олар да озат мамандар. Сондықтан да, «жетістік­ке жету сіздердің де қолдарыңыздан келеді» деп ын­та­ландырудан шаршамаймын». Тағылымды әңгіме ай­тылған кездесу кеші оқушылар мен ұстаздар қауы­мына ұмытылмас әсер сыйлады.

Жанар БІТІМБАЕВА,
№178 лицей мұғалімі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір