АЗАМАТ АҚЫН АЛПЫСТЫҢ АСҚАРЫНДА
02.11.2018
762
0

Қарашаның 3-і күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің деканы, ғалым, ұстаз, ақын Сағатбек Медеубекұлының 60 жасқа толу мерейтойына орай «Рухани жаңғыру: замансөздегі ғылыми стиль және журналистік таным мен талғам» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Республикалық БАҚ басшы­лары мен баспа директорлары қа­тысатын алқалы басқосуда қазір­­гі ақпарат кеңістігінің тыныс-тіршілігі, жай-күйі, бүгінгі қоғам­ның райы мен реңін көрсетудегі жаңа медианың мүмкіндіктері жан-жақты сөз болады. Журналис­тік білім берудің ерекшеліктері, болашақ қалам иелерінің дағды мен білікті қатар ұштастырып, толыққанды маман болып шығуы үшін не қажеттігі де әңгіме ар­қауы­на айналады. Конференцияға дейін сағат 9.00-де Журналистика фа­культетінің «Ұстаздар сабақ­тастығы» аллеясының ашылу сал­та­наты өтеді. Сағат 9.30-да С.­Ме­деу­бекұлының өмірі мен шы­­ғар­ма­шылығына арналған көр­ме ашылады. Сағат 10.00-де басталатын конференция аясында мерейтой иесінің «Қазақ универ­ситеті» баспасынан жарық көрген бірнеше кітабының тұсаукесері өтеді. Аталған іс-шаралар сағат 15.00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Сағатбек Медеу­бекұ­лы­ның «Алатауым менің» атты шы­ға­р­­машылық кешімен жалға­сады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір