Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тіл туралы айтқандарынан үзінді:
30.10.2018
3212
1

Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен ар­тық қазақ үш­ін бұ дүниеде қымбат не бар екен?! Ғасырлар бойы қа­зақ­тың ұлт ретіндегі мәдени тұтас­тығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі!

Он бес жылда аюға да тіл үйретуге болады!

Қазақ тілі мемлекетіміздің барлық азаматтарын бірік­тіруге қуатты!

Мемлекеттік тіл енді ұлттық саясаттың діңгегі болуы тиіс!

«Өз тілімізбен өмір сүрейік!» Бұдан артық қалай ай­туға болады? Қажет десеңіздер, одан да оңайлатып айтайын: «Қазақпен қазақ қазақша сөйлессін!».

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде!

Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қа­зақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Оған көңіл де, қаржы да солай бөлінеді. Қазақ тілі – өзі­міздің ана тіліміз. Біз бәріміз ана тілімізді ардақ­таймыз!

Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін бол­маған­ның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бер­меушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқы­лық­тарға соқтыра­тыны сөзсіз.

Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол – білім. Ол шетел тілінде сөйлесе – тіпті жақсы. Бірақ он шетел тіліне орап, ана тілін тұншықтырып, көміп тас­таса – ол кешірілмес күнә!

Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлты­мыздың анасы!

Ана тілін армансыз бойға сіңіріңіздер, өйткені баба­лары­мыздың ғұмыр тәжірибесі, дүниетанымы, мінез-құл­қы, өзіндік болмыс-бітімі осы тілде қаттаулы жатыр!

Ана тілін қадірлеу – әр азаматтың перзенттік парызы!

Бізге ана тілімізден асқан тарихи мұра жоқ. Ендеше, оны жан аямай қастерлеуден асқан биік парыз да жоқ!

Тарих пен тіл тамырлас!

Ұлттық тілмен ұлттық сана қалыптасады!

Тілге деген көзқарас – шындап келгенде, елге деген көзқарас!

Ана тіліміз – бізді ғасырдан ғасырға, заманнан за­ман­ға аман жеткізген бірден-бір барымыз да, нарымыз да!

Біз өзіміз, қазақ халқы, халық болып, ұлт болып бәрі­міз тілімізді қолдауымыз керек және бүкіл қазақс­тан­дықтарға осы тілді қастерлеп үйретуіміз керек!

Ана тілін білмеу қазақ азаматы үшін ұят саналуға тиіс. Мемлекеттік тілге, өзінің ана тіліне құрметпен қарамауы оның қызмет бабында өсуіне де әсер ететін болуы керек!

ПІКІРЛЕР1
Аноним 08.09.2021 | 01:33

Казакшасын истендерш орысша болып кете берет отиниш🙏

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір