Халықаралық фестиваль өтеді
30.10.2018
987
0

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Театрлары ассоциациясы қазанның 30-ы мен қарашаның 6-сы аралығында Талдықорған қаласында Астананың 20 жылдығы мен көрнекті мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдық мерейтойына арналған VII Орталық Азия елдерінің халықаралық фестивалін өткізеді.

Фестиваль Орталық Азия елдері мен Қазақ­с­тан­ның театр өнері саласындағы әріптестікті нығайту, театр өнерін дамыту және осы сала мамандарын шығармашылық бастамаларға ынталандыру, сондай-ақ, жұртшылықтың наза­рын театр үрдісінің жаңа, заманауи үлгілеріне аудару мақсатында өткізіледі. Қазақстан, Қыр­ғызстан, Түрікменстан, Башқұртстан, Өзбек­с­тан, Түркия елдерінің бас театрлары қатысатын фестиваль аясында барлығы 11 қойылым кө­рер­мен назарына ұсынылады. Мәдени шара Б.Ри­мова атындағы Талдықорған драма театры­ның жаңа және ескі ғимаратында өтеді. Қойы­лым­дарды Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары тегін тамашалай алады.

Ашылу салтанатының уақыты:
30 қазан, сағат 15.00

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір