САХНА МЕН ӨЛЕҢ ҚҰДІРЕТІ БІР АРНАДА ТОҒЫСТЫ

0
19 қаралды

Күздің қоңыр кешінде Алматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өткен театрландырылған поэтикалық жыр кешінің куәсі болдық. Сахна мен сөз құдіретін бір арнаға тоғыстырған мазмұнды кеште қос ақын Мағиза Құнапияқызы мен Қайрат Құлмұхамедтің өлеңдеріне қойылған «Өлең – сөздің патшасы» атты поэтикалық сахналанған қойылым көрермен назарына ұсынылды.

Кеш шымылдығын ашқан Қазақстан Жазу­шылар одағы Бас­қарма төрағасының орын­ба­сары, ақын Бақыт Беделхан «Бү­гінгі үлкен кеш – нар тәуе­кел­­дің кеші, яғни, Сөз пат­ша­сы­ның тағына қонған күні» деп тол­ғана келе, алдағы уақытта Жа­зу­шылар одағының жанынан «Сөз патшасы» дейтін поэти­ка­лық театр ашылаты­нын, ақын­дардың шығармашылық кештері осындай сипатта өтетінін айтты. Ақ­ын поэзия салтанатына құр қол келмепті. Сөзінің соңын жыр-шашуға ұластырды. Көрер­мен­дер көңілінен шыққан кеште Дүниежүзі қазақтары қауымдас­тығының Алматы қаласы және облыстық филиалының дирек­то­ры Айбөпе Мақұлбекова ха­ным ұйымдастырушыларға рақ­мет айтып, ақындарға ар­найы Ал­ғыс хат табыс етті. Идея ав­торы және қою­шы, Ғабит Мү­сіре­пов атын­дағы Жастар теат­ры­ның актерлері Бейбіт Қа­маран мен Сәния Ер­затқызы жүр­гізген әдеби-мәдени шараға ақын-жазушылар, өнер қайрат­кер­лері мен жырсүйер қауым қатысты.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.