РИНАТ ПЕН МҰХТАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЙТЫСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

0
11 қаралды

Жақында ғана ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығы аясында өткен «Жыр арқауы – Астана» атты халықаралық ақындар айтысы тыңдарман қауымды бір желпінткен айтулы дода болды.

 

 

 

 

 

 

Дүбірлі жыр сайысының қа­тысу­шылары да осал болған жоқ. Көршілес Қырғызстаннан Асыл­бек Маратов, Мундузбек Усупбек, Моңғолиядан Рашат Айдос, Қуантқан Аманжол сынды шаша­сына шаң жұқпас жүйріктер ар­найы ат терлетіп келсе, елімізден ай­тыстың ақ туын желбіретіп келе жатқан Айбек Қалиев, Ринат Заи­тов, Мұхтар Ниязов, Рүстем Қайыр­тай, Мақсат Ақанов, Дидар Қамиев, Мейірбек Сұлтанхан жә­не өзге де ақындар қатысты. Сөз додасына айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықа­ра­лық одағының төрағасы, ақын Жүрсін Ерман, Қазақстан Жазу­шы­лар одағы Басқармасының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, Қазақстанның Халық ақыны Әсия Беркенова, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, ғалым Дихан Қамзабекұлы және Түркия­дан келген ғалым Әбдуақап Қара, моңғолиялық ақын Шынай Рах­мет­ұлы қазылық етті. Екі күнге созыл­ған айтыстың бірінші күнін­де 20 ақынның ішінен 12 ақын келесі кезеңге суырылып шықты. Ал ақтық сында Аспанбек Шұға­таев пен Айбек Қалиев, Рүстем Қайыртай мен Мақсат Ақанов, Серік Қойшығұлов пен Асылбек Маратов, Мейірбек Сұлтанхан мен Шұғайып Сезімхан, Ринат Заитов пен Айдос Рашат, Мұхтар Ниязов пен Дидар Қамиев өзара бақ сынасты. Алты жұп айтысты аяқтағаннан кейін қазылар алқа­сының ақылдасуымен бас жүлдеге таласу үшін шешуші айтысқа Ринат Заитов пен Мұхтар Ниязов жіберілді. Көмбеге алқынбай жеткен қос өнерпаздың айтысы – нағыз айтыс болды. Екеуі де ая­нып қалмады. Шын жүйрік екен­діктерін танытты. Сөйтіп, қазылар алқасының қатарына ҚР Мәде­ни­ет және спорт министрі Арыс­тан­бек Мұхамедиұлы келіп қосыл­ған­нан кейін, өзара ақыл­дасу нә­ти­жесінде екі ақынға да бас жүлде берілді. Екеуі де 7 миллион теңгеден қанжығалады. Иә, бұл бір естен кетпес, сөз құдіретін аспандатқан айтыс болғаны анық.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.