ХАМЗА ЕСЕНЖАНОВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІ БОЙ КӨТЕРДІ
30.10.2018
1341
0

Қазақтың көрнекті жазушысы, «Ақ Жайық» трилогиясының авторы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері Хамза Ықсанұлы Есенжановтың 110 жылдық мерейтойы аясындағы іс-шаралар жалғасын табуда. Бұл жолы Орал қаласындағы «Жеңіс» саябағында жазушыға ескерткіш орнатылды.

Ескерткіш белгінің ашылуына Алматы қаласынан академик, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, био­ло­гия ғылымдарының докто­ры, Хамза Есенжановтың немере інісі Айтқожа Биғалиев, Абылай хан атындағы Халықаралық қа­ты­настар және әлем тілдері униве­р­ситетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, жазу­шының келіні Дина Есенжан, Қазақ­стан Жазушылар одағы Ба­тыс Қазақстан облыстық фил­иа­лы­ның жетекшісі, «Алаш» сыйлы­ғының иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереева, Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев, әдебиетші-зерттеуші Сайлау Сүлейменов, тарихшылар, өлкетанушылар, кітап­ханашылар, ұстаздар, сту­дент­тер және мектеп оқушылары қатысты.
Бұдан соң Хадиша Бөкеева ат­ын­дағы Батыс Қазақстан облы­с­тық қазақ драма театрында «Хамза Есенжанов – адамзаттың асылы» атты мәдени жиын өтіп, жазу­шы­ның өмірі мен шығар­ма­шылығына арналған «Тұғыры биік талант» атты естелік кітаптың тұ­сауы ке­сілді. Мәдени жиын аясында театр фойесінде «Қайсар талант арқала­ған нар сенім, ұмыт­пайтын ұрпақ­та­рың бар сенің» деген тақырыппен кітап көрмесі, фото-экспозиция және мұрағат­тық жәдігерлер көрермен наза­рына ұсынылды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір