ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ АРАБ ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ТІЛДЕРІНДЕ ЖАРЫҚ КӨРЕДІ
30.10.2018
975
0

Қазіргі қазақ әдебиетінің озық үлгілерінің жинағын БҰҰ-ның 6 тіліне (ағылшын, араб, испан, қытай, орыс, француз) аудару «Жаһандану әлеміндегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқаны баршаға аян. Осы орайда, қазанның 22-сі күні Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлттық комиссия мен Қытай Халық Республикасының «Ұлттар баспасы», Мысыр Араб Республикасының Мәдениет және білім орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Келісім бойынша серіктестер қазіргі қазақ әдебиетінің үздік үл­гілерін қытай, араб тілдеріне ауда­рып, кітап етіп баспадан шығарады және таратады. Кездесу барысында Қазақстан тарапынан меморан­дум­ға қол қойған «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның хатшысы Аида Балаева ҚР Президен­ті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған жобаның айрықша маңызы мен жоғары мәртебесіне тоқталды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір