«ФИГАРО АНДА» ЕМЕС, «ФИГАРО МҰНДА» – АСТАНА САХНАСЫНДА
22.10.2018
852
0

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астана Опера» сахнасында итальян композиторы Джоаккино Россинидің әйгілі «Севильдік шаштараз» комедиялық операсының тұсаукесері өтті.

«Фигаро анда, Фигаро мұнда» деп келетін Фигароның «Largo al Factotum» ариясы бірқатар фильмдердің ар­қа­сында көпшілікке жақсы таныс. Астана жұртшылығы жылы қабылдаған спектакль көрермендердің сұрауы бойынша үш күн қатарынан сахналанды. Қойылымның қоюшы дирижері – Қазақстан­ның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опе­ра» теат­ры­ның бас дирижері, әлемге әйгілі маэс­т­ро Алан Бөрібаев. Қоюшы режиссері – Альфонсо Антониоцци. Сценографтар – Эцио Фриджерио және Риккардо Маси­рони. Костюмдер бойынша суретші – «Оскар» сый-лығының иегері – Франка Скуарчапино . «Севильдік шаштараз» әрбір театрдың ре­пер­туарында болуы тиіс опералардың тізіміне ен­ген. «Астана Опе­ра» Дж.Россинидің шығар­масын өз бағдарламасына алғаш рет кіргізіп отыр. 1816 жылы 12 ақпанда Рим қаласында сахналанған операдағы басты партияның қазақстандық тұңғыш орындаушылары­ның бірі – КСРО Халық артисі Ермек Серкебаев Кеңес одағы кезінде «Фигаро пар­тиясын үздік сомдаушы өнерпаз» деп танылған. Бұл жолы аталған партияны Қазақстанның Еңбек сіңір­ген қайраткері Сүндет Байғожин мен Эмиль Сак­авов сахнаға алып шықты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір