ӘМІРЕ ӘНДЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛІ ШЫМЫЛДЫҚ ТҮРДІ
22.10.2018
1403
0

Қазанның 17-сінде Мәдениет және спорт министрлігі мен Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің бірлесуімен Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында Өскеменде Әміре Қашаубаев атындағы республикалық фестиваль басталды.

Әйгілі әншінің 130 жылдығына орай ұйым­дас­ты­рылған мерейтой­лық шара облыс орталы­ғындағы «Юби­лей­­ный» кинотеатрында шығар­машылық интеллигенция мен басты рөлдерді сом­даған актер­лар­дың қатысуымен өткен «Әміре» көркем фильмі­нің көр­сетілімінен және «Ер­тiс» концерт за­лында фестивальдің салтанат­ты ашылу рәсімі­нен бастау алды. Ал 18-і күні Ха­лық әртістері, ағайынды Абдул­­линдер атын­да­ғы Шығыс Қазақстан өнер училищесінде Әміре Қашау­баев атындағы республикалық фестиваль өз шымылдығын түрді. 21 қазан күні Шығыс Қазақстан об­лыс­тық драма театрында Қазақс­тан­ның мәдениет қайраткерлері мен өнер шеберлерінің қа­тысуымен га­л­а-концерт және қа­тысушыларды ма­рапаттау рәсімі өтеді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір