«ӘДЕБИ ӨЛКЕТАНУДЫ ДАМЫТУ» АҚМОЛАДАН БАСТАУ АЛДЫ
22.10.2018
1006
0

ҚР Президент Әкімшілігі мен Қазақстан Жазушылар одағының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асатын «Әдеби өлкетануды дамыту» атты бірлескен жобасы Ақмола облысынан бастау алды. Осы жобаға қатысушы алматылық, астаналық қаламгерлер – филология ғылымдарының докторы, жазушы Нұрдәулет Ақыш, ақын Жұмаш Кенебай, сыншы, жазушы Айгүл Кемелбаева Көкшетауға арнайы келді.

Әдебиет және өнер мұражайы­ның ұйымдастыруымен өткен кездесуде қаламгерлер Көкшенің зиялы қауым өкілдерімен, оқыр­ман­дармен жүздесіп, жұмыс жос­пар­ларымен бөлісті. Ал алдағы күндері мұражайлар мен мұра­ғат­тарды аралап, болашақта шығар­ма­ларына арқау ететін өлкенің жері­мен, тарихымен танысу мақ­са­тында Бурабай, Біржан сал, Ат­­басар, Зеренді, Целиноград, Ерей­ментау, Қорғалжын ауданда­рына жолға шығады.
Жалпы, аталған жоба аясында әр өңірлерден арнайы шығарма­шы­лық топтар құрылады. Олар белгіленген кесте-жоспар бойын­ша облыс-аудандарға әдеби экс­пе­дициялар ұйымдастырып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді, көркем шығарма жазумен шұғылданады. «Әдеби өлкетануды дамыту» жобасын іске асыру барысында қаламгерлер мынадай тақырып­тар­ды қамтиды: 1. Аймақтарда жал­пыхалықтық деңгейге шық­паған әдеби-рухани жәдігерлерді зерттеу. 2. Аймақтар тарихына, жер-су атауларына, аңыз-әпсана және өзге де көркем-әдеби дүние­сіне арнап көркем шығарма (өлең, поэма, баллада, әңгіме, хикая, роман, спектакль, балаларға ар­нал­ған шығармалар) жазып, жа­рық­қа шығару. 3. Тәуелсіздік ал­ған­нан бері өңірлерде болып жатқан мәдени-әлеуметтік оң өзгерістер туралы жаңа көзқа­рас­пен публи­цис­­тикалық, поэти­ка­лық, про­за­лық шығармалар жазу үшін мате­риал­дар жинау; Қазақс­тан­ның клас­сикалық көркем шығармала­рын­дағы тарихи орын­дар мен ата­ме­кендердің бүгінгі хал-жайын зерттеп, жаңа мате­риал­дар жинау. 4. Қазақстанда әр жыл­да жазылған шығармалардың әде­­би картасын жасау. 5. Ел аралап келген ақын-жазушылардың жи­наған материал­дары бойынша жаңа көркем шығар­малар жазу. Атал­ған жобаны Жазушылар ода­ғы Мәдениет және спорт министр­лігінің қада­ғалауында, облыс­тар­мен бірлесе отырып жүзеге асы­рады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір