ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТІП ЖАТЫР
22.10.2018
790
0

Елбасының биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында 2019 жыл – «Жастар жылы» деп бекітілгені белгілі. Соның негізінде, қазанның 19-ы күні халықаралық жастар форумы басталды.

Елімізде алғаш рет өтіп жат­қан, екі күнге созылатын бұл фо­рум­ды Парламент Мәжілісі, Қоғамдық даму министрлігі мен Халықты қоныстандыру және да­мыту жөніндегі Азиялық ассоциа­ция ұйымдастырды. Форумда жастар­дың мүдделері мен құқық­тарына арналған өзекті мәселелер талқы­ланып, әлемнің 37 елінен келген саяси сарап­шылар, 200-ден аса мемлекеттік ор­гандар мен халық­аралық және үкіметтік емес жастар ұйымдары­ның өкілдері өзара тәжірибе алмасуда. Парла­мент Мәжілісінің депутаты Б.Мә­кеннің айтуынша, Халықаралық жастар форумы аясында жастардың жан-жақты дамуына үлес қосатын арнайы декларация қабылданбақ.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір