ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ АНТОЛОГИЯСЫ МӘСКЕУДЕ ЖАРЫҚ КӨРЕДІ
22.10.2018
833
0

Қазанның 16-сы күні Мәскеуде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлттық комиссия мен «Жаһандану жағдайындағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасының ресейлік серіктесі арасында Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Нақтырақ айтсақ, «Қазіргі қазақ прозасының антологиясы» мен «Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы» орыс тіліне аударылып, кітап боп шығатын болды.

Бұл іске М.В.Ломоносов атын­дағы Мәскеу мемлекеттік универ­ситетінің баспа үйі, Ресей Жазу­шылар одағының Мәскеу қалалық ұйымы атсалысады. Қазіргі за­манғы қазақ әдебиетінің үздік үл­гілері жинағын БҰҰ-ның 6 ті­ліне аудару ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқаны баршаға мәлім. Бағ­дарламаның «Жаһандану әлемін­дегі заманауи қазақстандық мәде­ниет» деп аталатын бағыты­ның мақсаты – заманауи қазақ әде­биетінің, музыкасы мен бей­нелеу өне­рінің жауһарларын, кино мен театр, хореография саласының тәуелсіздік жылдарын­дағы табыс­та­рын дүниежүзіне та­ныстыру. Меморандумға қол қою рәсімі Қазақс­танның Ресейдегі елші­лігін­де, Қазақстан Респу­бли­касы­ның Ресей Федерациясын­дағы Төтенше және өкілетті елшісі Иман­ғали Тасмағамбетов пен «Ұлттық аударма бюросының» ди­ректоры Рауан Кенжехан­ұлының қа­тысуымен өтті. Қазақс­тан тара­пынан Мемо­ран­думға «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлттық комис­сияның хатшысы Аида Балаева қол қойды. Меморандумда көрсе­тіл­ген ынтымақтастық аясында Ресей Жазушылар ода­ғы­ның Мәс­кеу қалалық ұйымы әде­би жинақ­тарға сұрыпталған шығар­малар­дың көркем аудар­ма­сымен және оны редак­ция­­лаумен айналысады. Ал Мәскеу мемле­кеттік универ­си­тетінің баспа үйі антологияны ба­сып шығаруды, сондай-ақ, оны орыстілді оқырмандарға тарату­ды, насихаттауды ұйымдастырады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір