ҰЛТТЫҚ КИНО ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ДАЙЫНДАЛУДА
22.10.2018
866
0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады. Кездесу барысында министрлік қызметінің маңызды бағыттары, соның ішінде кинематографияға қатысты заңнаманы одан әрі жетілдіру және туризм мен спорт салаларын дамыту шаралары талқыланды.

Мәдениет және спорт ми­нист­рінің мәліметі бойынша, «Кине­матография туралы» заң жобасы қазіргі уақытта Пар­ла­менттің қарауында жатыр. Бұл заң жобасы ұлттық киноны қа­лып­тастыру ісін қолдау тетік­те­рінің тиімділігін арттыруға, Қазақстан фильмдерін, сондай-ақ шетелдік жетекші ком­па­ния­лар­мен бірлесіп түсірген кино­өнім­дерді халықаралық нарыққа кең көлемде шығаруға бағыт­талған. Сонымен қатар, А.Мұха­ме­диұлы Мемлекет бас­шы­сына 2023 жылға дейінгі ту­ризм­ді да­мыту жөніндегі мем­ле­кет­тік бағ­дарламалардың әзір­лену барысы және «Қазақс­тандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс салтын арттыру» атты Жолдаудағы дене шынықтыру-сауықтыру ке­шен­де­рін салуға қатысты тапсыр­ма­ның орын­далуы жөнінде баян­дады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір