ӨНЕРМЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР – АҚ ҚАҒАЗ БЕТІНДЕ
15.10.2018
834
0

Қазан айының 10-ынан бастап Астана қаласында «Өмір мен өнер» көрмесі ашылды. Экспозицияға соңғы жиырма жылдан бері қазақстандық суретшілер мен мүсіншілердің туындыларын жинап келе жатқан кәсіпкер Нұрлан Смағұловтың жеке коллекциясы қойылған.

Бұл жолғы көрме Қазақстанның бейнелеу өнерінің кемелденген тұсы саналатын 60-жылдардағы кескін­деме жанрына және мүсін өнеріне арналды. Көрермен мұнда Жантай Шәрденов, Павел Зальц­ман, Салихитдин Айтбаев, Шай­мар­дан Сариев, Әбдірашит Сыды­ханов, Тоқболат Тоғысбаев, Бақ­тияр Та­биев сынды суретшілер­дің карти­нала­рымен қатар, графи­ка шебер­лері Исатай Исабаев пен Мақым Қиса­ме­диновтің, сондай-ақ, мү­сін­ші Ер­кін Мергеновтің туын­дыларын тамашалай алады. Өнертану­шы­лардың айтуынша, Нұрлан Сма­ғұлов­тың коллекциясы – Орталық Азиядағы ірі жинақ­тар­дың бірі ретінде бағаланады. Ал кәсіп­кердің өзі алдағы уақытта же­ке колле­к­ция­лардың мұра­жа­й­ын ашқысы келеді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір