«ӘЛЕМ ДАУЫСЫ» САРЫАРҚА ДАЛАСЫН ЖАҢҒЫРТТЫ
15.10.2018
805
0

«Астана Опера» театрының камералық залында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының «Діндердің көшбасшылары қауіпсіз әлем үшін» тақырыбындағы VI съезін өткізу аясында «Астана – Әлем дауысы» халықаралық фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған мәдени шара Елордамыздың 20 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи-мәдени мұраларды сақтау, дамыту және насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Кеште Астана қаласы әкімдігі­нің Мемлекеттік академиялық фи­лар­мониясының камералық хоры отан­дық және әлемдік хор мектеп­тері шеберлерінің үздік туындылары мен заманауи өңдеудегі халық әндерін орындады. Ал қазанның 10-11-і күн­де­рі Астанаға бес конти­нент­­тен жи­налған әртүрлі діндер мен кон­фес­сиялардың өкілдері ретінде 500 әртіс келді. Бейбітшілік және Келі­сім сарайының сахна­сында тұңғыш рет біртұтас шығар­машылық ырға­ғын­да соғыссыз және терроризмсіз бей­біт­ші­лік үшін ән шырқалды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастамасы­мен ұйымдастырылған Съез бейбіт­ші­лік, келісім және төзімділік ор­та­лы­ғы ретінде Астана мәртебесін нығайтуда маңызды рөл атқарады. Тың­дар­ман­дар екі күн қатарынан әл­ем­нің 20 елінен, яғни, АҚШ, ОАР, Из­раиль, Мажарстан, Түркия, Бол­га­­рия, Ресей, Беларусь Респу­бли­ка­сы, Гру­зия, Әзербайжан, Өз­бе­кс­тан, Қыр­­ғызс­тан, Шри-Ланка, Ин­до­не­зия, ҚҰР және т.б. елдерден кел­ген му­зы­­ка ше­бер­лерінің өнерін тама­шала­ды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір