СӨЗ – ҚУАТ

0
6 қаралды

«Қазіргі заманғы сөз энергиясы» атты Еуразиялық әдеби форум бізге не берді? Қан­дай байламға келіп, нендей ой түйдік? Осыдан 45 жыл бұрын өткен Азия-Африка жазу­шы­лары­ның V конференциясынан нендей өз­ге­шелігі бар? Баға беру – көзі қарақты оқыр­манның құзырында. Біз дүбірлі жиындағы күл­лі іс-шараны жіпке тізбей, болашақта ат­қарылмақ жұмыстар мен секциялық оты­рыс­тарда айтылған ұсыныстарды барынша ық­шам­дап, назарларыңызға ұсындық!


1. Поэзия секциясы
«Жаңа заман поэзиясы: көтеретін негізгі тақырыптар мен мәселелер»
Модераторы – Мейірхан Ақдәулет
– Қаламгерлердің ер­кін шығармашылықпен айналысуына жол ашу;
– Жас ақындардың шетелде білім алып, ел әдебиетін дамытуына мұрындық болу;
– Мемлекеттік тапсырыспен шығатын кітаптардың қаламақысы мәселесін әлі де болса жетілдіре түсу;
– Еуразия кеңістігіндегі қаламгерлердің бір-бірімен еркін шығармашылық байланыс ор­натуы үшін осы сынды басқосуларды ен­дігі жерде жиі ұйымдастыру;
– Отансүйгіштік, туған жер тақыры­бын­дағы жырлардың көбірек жазылуы және кеңінен насихатталуы үшін «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның барлық өңіріне қаламгерлерді шығар­ма­шы­лық іссапарға жөнелту;
– Жазушылар одағына қарасты Шығар­ма­шылық үйіне авторлардың шығар­ма­шылықпен айналысуы үшін орналасуын қам­тамасыз ету.

2. Проза секциясы
«Жаңа заман прозасы: көтеретін негізгі тақырыптар мен мәселелер»
Модераторы – Әлібек Асқар
– Кітап таралымы мә­­­селесіне қатысты Лат­вия, Иран, Түркия, Қыр­ғызстан, Ресей сынды елдердің тәжіри­бе­лерін ортаға сала отырып, оңды шешу мә­селесі қаралды;
– Латвиядағы бір журналды қазақ қалам­герлерінің шығармашылығына арнау;
– Жыл сайын жарық көретін альманах­тар­ды шығаруды жалғастыру;
– Мемлекет тарапынан шығатын кітап­тар­дың авторлық құқығы мәселесіне қатыс­ты әлі де болса түзетулер мен толықтырулар ен­гізу;
– Шетелдік қаламгерлер өзара кездесу­лер­ді көбейтіп, тәжірибе алмасуы керек;
– Қазақстанның әр аймағында тұратын қа­ламгерлерге қолдау көрсету, өңірлік әде­биеттердің дамуына ұйытқы болу.

3. Драматургия секциясы
«Драматургияның өзекті мәселелері»
Модераторы – Дулат Исабеков
– Еліміздегі барлық теат­рларда кәсіби дра­ма­тургтардың шығар­ма­­­­ларын сахналау мәселесін дұрыс жолға қою;
– Әуесқой драматургтардың әлі де болса жан-жақты білім алуына жағдай жасау;
– Мемлекеттік және облыстық театрлар­да қойылатын пьесаларға лайықты қаламақы төлеу;
– Мәдениет және спорт министрлігі тара­пы­нан мемлекеттік театрларда қойы­ла­тын спектакльдерді алдын-ала таңдайтын көр­кемдік кеңес құру;
– Театрлардың жекелеген авторлармен жұмыс жасауын одан әрмен жетілдіре түсу.

4. Аударма ісі секциясы
«Қазіргі заманғы аударма ісінің хал-ахуалы»
Модераторы – Рауан Кенжеханұлы
– Көркем аударма және баспа ісі салала­рын дамыту үшін Қазақ­стан Жазушылар одағы мен Ұлттық аударма бюросының бірлескен жобасын дайындау;
– Проза, поэзия, драматургия және пуб­ли­цистикада жаңа көкжиектер, әдеби фор­малар мен стильдер қалыптасуы үшін осы заманғы ең озық шығармаларды аударып, басып шығару;
– Оңтүстік-шығыс Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінің әдебиетінің озық үл­гілі­лерін қазақ оқырмандарына таныстыру ісін қолға алу;
– Басып шығару ісі мен авторлардың оқыр­манмен байланысын ақпараттандыруға мейлінше күш салу;
– Мәдениет және спорт министрлігі та­ра­­пынан интернет ресурстар арқылы әдеби үдерістің дамуына үлес қосатын бағдар­ла­малардың жасалуы;
– Қазақ әдебиетінің шетелде танысты­рылуын жеделдету үшін «Қазақ әдебиетінің ан­­тологиясын» әртүрлі елдерде басып шы­ғару;
– Жекелеген қазақ авторларының шы­ғар­маларын шет елдерде басып шығару ісіне мемлекеттік деңгейде қолдау көрсету.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.