«ЕВГЕНИЙ ОНЕГИН» БОЯУЛАР ТІЛІМЕН «СӨЙЛЕДІ»
10.10.2018
814
0

Қыркүйектің 21-інен бастап Ресейдің Ұлы Новгород қаласындағы бейнелеу өнері мұражайында «Алабажақ тараулар жинағы» деген атпен А.С.Пушкиннің «Евгений Онегиніне» арналған көрме өтуде. Онда аталған поэма бойынша салынған жетпіске тарта иллюстрация қойылған. Бұл көрменің ерекшелігі сол – суреттердің бәрі Юрий Игнатьев дейтін бір ғана суретшінің қолынан шыққан. Ресейдің ХХ ғасырдағы 100 ұлы суретші-графигі қатарынан орын алған, шығармашылық жолына, негізінен, өз ұлтының мақтанышы – Пушкин тұлғасын арқау еткен белгілі қылқалам шеберінің барлық жұмысы «Пушкин қорығы» қорында және Ресей ҒА Әлем әдебиеті институтында сақтаулы. Көрме 15 қарашаға дейін жұмыс істейді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір