ДӘСТҮРЛІ «ӘУЕЗОВ ОҚУЛАРЫ» ӨТТІ
10.10.2018
1310
1

Күні кеше ғана М.Әуезовтің мұражай-үйінде М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйым­дастыруы­мен дәстүрлі «Әуезов оқулары» халықаралық ғы­лыми-тәжірибелік кон­ференциясы өтті.

Конференцияға Айгүл Ісі­ма­қова, Бақытжан Әзібаева, Нұр­дәу­лет Ақыш, Гүлзия Пірәлі және т.б. фи­лолог ғалымдар қатысып, баян­да­ма жасады. Конференцияға қа­тысушылар – Алматы универ­си­теті­нің доценті Нұржанат Рах­­­манова, Қазақ мемлекеттік қыздар педа­го­гикалық университетінің про­фес­соры Қанипаш Мәдібай, әл-Фа­ра­би атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­си­те­тінің оқытушысы, филология ғы­лым­дарының кандидаты Ләйла Мұ­салы әуезовтанудың өзекті мә­селелері жайында келелі пікірлер ай­тып, ой бөлісті. Зерттеушілер бұ­рын-соңды айтылмаған тың мә­ліметтер келтіріп, алда зерттелетін дү­ниелердің әлі де көптігін тілге тиек етті. Қанипаш Мәдібай Мұх­тар Әуезовтің қолжазба дерек­те­рін­де Абай шығармашылығына Шы­ғыс мәдениетінің, оның ішінде ис­лам дінінің әсері болғаны ай­ты­латынын және бұл тақырып әлі де зерттеушісін күтіп тұрған мәселе екенін атап өтті. Ал өнертанушы Аман­гелді Мұқан «Ақан – Зайра» опе­расының жазылу тарихына қатыс­ты қызықты материалдармен та­ныстырды. «Әуезовтану» ғылыми ор­талығының жетекші ғылыми ма­маны Келіс Рақымжанов осы соңғы мә­селеге қатысты тың мұрағат де­рек­терін ортаға салды. Ерекше атап өтетін тағы бір дүние – Нұржанат Мал­дыбайқызының «Абай жолы» эпопеясындағы тарихи шындық пен көркемдік шешім» тақыры­бын­дағы баяндамасы болды. Эпо­пея­дағы тарихи тұлғалардың көркем шы­ғармадағы бейнесі, тарихи шын­дық­тың бұрмаланып берілуіндегі сыртқы ықпалдар сынды мәселе­лер­ді қарастырған бұл баяндаманы кон­ференцияға қатысушылар қо­сым­ша уақыт сұрап, баяндамашыны ұзақ уақыт мінберден жібермеді. Кон­ференция барысында жыл сайын мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылатын «Менің Әуе­зовім» атты шығармалар байқауы­ның жеңімпаздары марапатталды. Конференцияға ірі ғалымдардан бастап, мектеп оқушылары, магист­рант-докторанттардың, еліміздің өзге қалалары мен шетелдерде ака­демиялық мобильділік бағдар­ла­масымен оқып жатқан шәкірттердің қатысуы Әуезовті тануға деген ынта-ниеттің әлі басылмағанын және жыл сайын өтетін конферен­ция­ның маңыздылығын аңғартады.

ПІКІРЛЕР1
Аноним 25.09.2019 | 16:06

Сәлеметсіздер ме! «Әуезов оқулары» биыл жалғасын таба ма? Және студенттерге қатысу мүмкіндігін жасасаңыздар екен.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір